Әйелі тастап кеткеніне ызаланған еркек бірден 4 қызға үйленді (фото)

Опубликовано:

Кувейттің 28 жастағы тұрғыны өзіне тұрмысқа шығатын қыз табатынын бұрынғы әйеліне дәлелдемек болды және оған бір емес, төрт қыз табылды.

Жас жігіт мұндай қадамға бірнеше ай некеде өмір сүрген әйелі тастап кеткен соң барған. Әйелі оған ешқандай қыздың тұрмысқа шықпайтынын айтқан.

Бұрынғы жұбайына кек қайтару үшін жігіт шариғат заңдарына сәйкес, төрт сұлуға үйленіп, аста-төк той жасады.

Той туралы әңгіме ел арасына тез тарап кетті. Тойдан бөлек, қалың мал үшін күйеу жігіт 135 000 доллар, бал айы үшін 27 000 доллардан астам қаражат жұмсаған, деп жазады шетелдік БАҚ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1178477-ayeli-tastap-ketkenine-yzalanghan-tur/