Қытайлық жігіт бір минутта 20 шикі жұмыртқаны жеп қойды

Опубликовано:

Қытайда белгісіз ер адам аса ерекше тәбетпен бір отырғанда бірден 20 шикі жұмыртқаны жеп қойды деп хабарлайды stan.kz.

Бәрі қытайлықтың жергілікті мейрамхана аспазымен бәстесуінен басталған. Егер ер адам сөзінде тұрып, 20 жұмыртқаны жей алса оған арнайы тағамдармен толтырылған түскі асты бас аспаздың өзі дайындап беретін болып келісілген.

Роликте жартылай жалаңаш ер адамның жұмыртқаларды бірінен соң бірін тоғытып, ал өзге адамдардың оны ұялы телефондарына түсіріп жатқанын байқауға болады. Алайда оның тегін түскі асты алған-алмағаны белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1181186-qytaylyq-zhigit-bir-minutta-20-shiki-zhumyr/