Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шарын шатқалының сұлулығы шетелдіктерді таң қалдырды

Опубликовано:

Белді шетелдік Dailymail басылымы Шарын шатқалының сұлулығы туралы мақала жариялады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Бұл табиғат ғажайыбы қай жерде екенін білесіздер деп ойлаймыз. Гранд-Каньонның Қазақстандағы теңдессіз егізі - Шарын шатқалы. Көздің жауын алатын түрлі-түсті тау түзілістері мен балыққа толы өзенді шатқалдан таба аласыз", - деп сөзін бастаған басылым.

Оған қарап тұрып, Гранд-Каньонға қарағандай боласыз. Алайда бұл табиғаттың ғажайыбы Аризонада емес, Азияда.

Шарын шатқалы - 56 мильге созылған тау түзілістері мен ірі өзені бар керемет мекен.

Шатқал Алматыдан 120 миль жерде орналасқан.

Саяхатшылар оны тамашалап қана қоймай, өзеннен балық аулай алады.

Жазда бұл жер қатты ыстық болғанымен, өзен маңынан салқындай аласыз.

Дүкендер өте аз болғандықтан, өзіңізбен сусын мен тағам ала барғаныңыз жөн.

Ең кереметі, егер сіз шөлдеп, қарныңыз ашқан болса, мейірімді қазақ саяхатшылары сізге өз тағамдарын тегін ұсынып, көмек береді.

Шатқал маңындағы көшпенділердің үйі.

Бұл жер - бір күндік саяхат үшін таптырмайтын мекен.

Кей тұрғындар бұл маңда балғын тағамдар сатып тұрады.

Азияның шатқалы көркі жағынан Гранд-Каньонмен бәсекелес болмаса, одан кем түспейтіні анық.

Қатты ыстыққа қарамастан, мұнда сексеуіл атты өсімдік өседі.

Тіпті қыста қар жауғанда да бұл жерден көзіңді ала алмайсың.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтөбе облысында ер адам өзін жындардың зорлайтынын айтып, көмек сұрады

Байбек: Біз Нью-Йорк те, Копенгаген де болғымыз келмейді

Алматы облысында сәбиін әжетханаға лақтырған бойжеткен алғашқы баласын да тастап кеткен

Ресейлік футболшылар Монте-Карлода 500 шампанға мас болып қалды (видео)

Төсек қатынасында ләззат ала алмау қаншалықты қауіпті?

ОҚО-да аудан әкімі ауылдағы Лениннің ескерткішіне тиіспейтінін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1182428-sharyn-shatqalynynh-sululyghy-sheteldikt/

pixel