Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

8-ші шілдеге арналған жұлдыз-жорамал

Опубликовано:

Anabol.kz сайты 8 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалды назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Бүгінгі күн сынаққа толы болмақ. Қандай қиындық болмасын жақын адамдарыңызды ренжітіп алудан сақ болыңыз. Барынша ақшаңызға абай болғаныңыз жөн. Ашуыңызды ақылға жеңдіріп, ойланып қадам басқаныңыз дұрыс. Күн соңы жақсы жаңалықтарға толы болмақ.

Торпақ

Бүгін айналаныздағы адамдармен тіл табысу қиынға соқпақ. Не айтқыңыз келгеніңізді дұрыс жеткізе алмай, жақын адамдарыңызға дөрекі сөз айтуыңыз да ықтимал. Бәрі бірден болмады деп бастаған ісіңізден бас тартуыңыз да мүмкін. Алайда, сабырлы болып, ұсақ-түйек қиындықтарды жаныңызға жақын алмағаныңыз жөн.

Егіздер

Бүгінгі күн сіз үшін көтеріңкі көңіл-күй мен отбасыңыздың ортасында өтпек. Өзіңіз туралы мәлімет таратудан сақ болыңыз. Бұл сәтті тиімді пайдаланған кей адамдар жалған ақпар таратып, сізді басқа адам қылып көрсетуі мүмкін.

Шаян

Алға қойған мақсатыңызға жетіп, аяқ асты пайда болған қиын мәселелердің шешуін оңай табасыз. Осы күнге дейін оқып-білген, көрген, жеткен дарыныңыз бен біліміңізді жиналған жұрттың алдында көрсетуге қолайлы уақыт. Қайырымдылық жасап, мүмкіндігі шектеулі жандарды ұмытпағаныңыз да абзал.

Арыстан

Кез келген жерде өзіңізді сенімді ұстауыңыздың арқасында, айналаңыздағы адамдардың ерекше назарына түсесіз. Алайда, жеке өміріңізбен бұл көзқарастарды араластырмағаныңыз жөн. Себебі, басқа адамның сізге жағымды сөз айтуы сүйгеніңізге ұнамауы мүмкін.

Бикеш

Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болар. Осы уақытқа дейін жасаған еңбектеріңіздің жемісін жейтін уақытыңыз келді. Жаңа ұсыныстарға жақсы көзқараспен қарап, ойларыңызды ортаға салудан тайсалмаңыз.

Таразы

Бүгін сіз үшін қай жағынан алсақ та ауыр болмақ. Қиын сәттерден оңай құтылу үшін барынша сабырлы болып, салқынқандылық танытқаныңыз жөн. Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңыз шиеленісіп, ренжісіп қалуыңыз да ықтимал. Бірақ кеш сізге керемет сыйымен келмек.

Сарышаян

Алға қойған мақсатыңыз бен таңдаған жолыңыздан таймай тер төгуге тура келеді. Сіз үшін жеңістің құны ауыр болмақ. Не болса да берілер мүмкіндікті жіберіп алмай, сабырлық танытыңыз.

Мерген

Бүгін айыңыз оңынан туып, жұлдыздар сізді қолдамақ. Әр түрлі сипаттағы мерекелер мен кештерге, жаңа таныстар табуға қолайлы уақыт. Қиын сәттердің өзі білінбей шешімін тауып, көңіл-күйіңіз жеті қат бұлттың үстінде болмақ.

Тауешкі

Бүгін сіз үшін жағымды жаңалықтармен, жаңа кездесулермен қатар іскерлік ұсыныстарға толы болмақ. Алға қойған мақсатыңызға жету үшін өте қолайлы уақыт. Алайда, адамдардың тілін табу оңайға соқпауы мүмкін.

Суқұйғыш

Айналаңызда болып жатқан оқиғаға салқынқандылық танытып, сабыр сақтаңыз. Жаңа іс бастамай тұрып, алға қойған мақсатыңызды саралап алыңыз. Бәріне бірден қол жеткіземін деп барыңыздан айырылып қалудан сақ болыңыз.

Балықтар

Бүгін ойланбай әрекет етуден сақ болыңыз. Сіздің сипаттамаңыздағы ең жағымсыз оқиғаны дұрыс бағалай алмауыңыз болып отыр. Тіптен, сізді тура жолдан тайдырушылар пайда болуы мүмкін. Ұсыныс болған жағдайда, аяқ асты шешім қабылдамай біраз уақыт ой елегінен өткізгеніңіз жөн.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1183198-8-shi-shildege-arnalghan-zhuldyz-zhoramal/