Дүниеге келген төртемге Солтүстік, Оңтүстік, Батыс және Шығыс деген есім берілді

Опубликовано:

Қытайлық Жичжао қаласында төртем дүниеге келді. Оларды ата-анасы Сяодун (Шығыс), Сяонань (Оңтүстік), Сяоси (Батыс) және Сяобэй (Солтүстік) деп атады.

Сәбилердің анасы 27 жастағы Ли Цзюань мен оның жары балалы болуды бұрыннан армандаған. Олар отасқалы бірнеше жыл болды, алайда Ли Цзюань бала көтере алмады. Дәрігерлердің нұсқауымен қытайлық дәрілік препараттарды қабылдай бастады. Сөйтіп өткен жылдың қарашасында жүкті болды.

Жүктіліктің тоғызыншы аптасында оларға төртем туатынын айтқан. Сөйтіп 4 шілдеде, жүктіліктің 33-ші аптасында екі қыз бен екі ұл дүниеге келді.

Олар мерзімінен бұрын туды. Ең кішкентайының салмағы шамамен 1,75 кг болды. Енді шақалақтар бір айдай интенсивті терапия бөлімшесінде болмақ, деп жазды informing.ru.

Тағы оқыңыздар:

Балқаштың екі тұрғыны әйелді қағып кетіп, оның мәйітін көміп тастады

Әскерден қайтқан қазақстандық сарбаздарды шетелдіктер мазақ етті (фото)

Халықаралық университеттер рейтингіне еліміздің бірде-бір жоғарғы оқу орны кірмеді

Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары анықталды

"Еуразия бірінші арнасындағы" жер дауына қатысты жалған ақпараттың артында кім тұр?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1187306-qytayda-ata-anasy-dunie-esigin-ashqan-t/