Ақтөбеде 25 жылдан бері ешкі бағатын әжей лақтармен сырласатынын айтты (фото)

Опубликовано:

Ақтөбеде 23 жылдан бері ешкі бағып келе жатқан әжей тұрады. Осынша уақыттан бері санаулы ешкісін алдыға салып, күні бойы қаланың бос жерлерінде бағады.

Бұл туралы Tilshi.kz басылымы жазады.

Есімін атамауды жөн көрген әжей біршама жасқа келгенін айтады. 1975 жылы Ресейдің Орынбор облысынан Ақтөбеге қоныс аударыпты. Бүгінде аға-жеңгесімен бірге тұрады.

"Өзім күйеуге шықпадым. Балам жоқ. Аға-жеңгемнің балалары, немерелері бар. Солармен бір үйде тұрамын. Бірнеше жылдан бері ешкі бағып келемін", - дейді әжей.

Бір қызығы ешкілер біз білетін ешкілер секілді емес, иесінің айналасынан шықпайды, алысқа кетпейді.

"Мен оларды лақ кезінен бағып келемін. Әрбірімен сөйлесемін, сырласамын. Менің бақпамдағы ешкілер өте ақылды. Өзге ешкілер секілді алдыға кетіп қалмайды. Менің қасымнан бір елі алыстамайды", — дейді әжей.

Бірде көршілері әжейден ешкі сатып алса керек. Онымен, қорада тұрған үй жануарларын алабай ит талап тастапты.

"Менің лақтарымның анасын ит талады дегенді естігенімде көзіме жас келді. Мен оларға ат қоямын. Бірін қызыл ешкі деймін, бірі сары деп айтамын. Ақ лақ пен қара лағым да секеңдеп қасымнан шықпайды", - дейді ешкі бағып жүрген зейнеткер.

Тағы да оқыңыздар:

Махаббаты өшпеген 75 жастағы ғашықтар жалаңаш суретке түсті (фото)

2011 жылы теракт болған Шұбарши халқы қара жамылғандардан қорқып отыр (фото)

Ақтөбе облысында аяғы ауыр келіншек 5 баласымен клуб күзетіп жүр (фото)

Атышулы Тоқтар Төлешевтің қараусыз қалған аюы ауыр дерттен өліп қалды

Еуропа чемпионаты жайлы қызықты 10 дерек қандай? (фото)

Астаналықтар халықтың қақ ортасында тұрған Әсет Исекешовті танымай қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1188340-aqtobede-25-zhyldan-beri-eshki-baghatyn-azhe/