АҚШ-та 71 жастағы әжей 17-дегі жігітке күйеуге шығып алған (фото)
Опубликовано:
АҚШ-та 71 жастағы зейнеткер кемпір 17 жасар бозбалаға тұрмысқа шықты. Әйел болашақ күйеуімен ұлының жаназасы кезінде танысқан екен.
Бұл туралы The Mirror ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.
71-дегі әйел 17-дегі бозбала танысқасын үшінші аптадан кейін некелерін қидырған. Жас жұбайлар бір-бірлеріне бірінші рет әйелдің Теннеси штатында тұратын ұлы Алмеда Эррелді жерлеу кезінде көз салған екен. Олардың буырқанған романдары сол бойда басталып кеткен. Сол үш аптаның ішінде олар қарым-қатынастарын отбасылық деңгейге жеткізіп үлгерген.
Эррел ханымның айтуынша, ол үлкен ұлы қайтыс болғаннан кейін өзінің жанын түсінетін адамға зар болған. Бақытына орай, дәл сондай адам ретінде қабылдаған 17 жастағы Гери Хардвиг сол күні-ақ кездескен.
Бір қызығы, Гери жастары ұлғайған әйелдерді жақсы көреді екен. Оның 77 жастағы құрбысынан ажырасқанына оншалықты көп уақыт бола қоймапты. Солай жаны жаралы болып жүргенінде жаңа әйел тауып ала қойғанына қатты қуаныпты.
Геридің айтуынша, олардың отбасылық қатынастарындағы дене қимылы әрекеттері, жыныстық қозғалыс өте жоғары деңгейде тұрған көрінеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1191739-aqsh-ta-71-zhastaghy-azhey-17-degi-zhigitke-kuye/