Үндістанда адамдарға киноға бару үшін демалыс бермекші

Опубликовано:

Үндістанда бірнеше компания басты рольде үнді киносының жұлдызы Раджникант ойнайтын «Кабали» фильмін тамашалағысы келетін қызметкеріне демалыс бергелі отыр деп хабарлайды 24.kz.

Компания өкілдері фильмнің премьерасы болатын жұма күні бәрібір қызметкерлерінің көбісі жұмысқа келмей, фильмді тамашалауға барады дейді.

Ал Раджниканттың Ченнаи қаласындағы өнерін сүйетіндер фильмнің прокатқа шығуына байланысты 22 шілдені ресми демалыс күні деп тану туралы онлайн-петиция жариялады.

Air Asia әуе компаниясы да фильмнің жарнама науқасына атсалысып, Бангалор мен Ченнай арасындағы рейстерде жолаушыларға Раджниканттың сүйікті асын ұсына бастады.

Айта кетейік, «Кабали» – тамил тіліндегі гангстерлік драма, онда Раджникант қарт мафиозды ойнайды.

Раджникант деген атпен танымал болған Шиваджи Рао Гаеквад кинодағы алғашқы ролін сонау 1970 жылы сомдаған. 66 жастағы актер 150-ден астам фильмде ойнаған. Ол Үндістанда культтік әртіс саналады.

Тағы оқыңыздар:

Алматыдағы атыста тұрғындар жаралы полицейге көмек бермей, телефонға түсірген

Алматыда полицейлерді қырып салған лаңкестің әйелі елден кешірім сұрады

ОҚО-да аудан әкімі спорт алаңы мал жайылымына айналған мектепті көріп шошып кетті

Дәурен Абаев теракті кезіндегі «ақпараттық сәтсіздікке» қатысты түсінік берді

Қазақ қызымен отау құрған нигериялық жігіт қазақ тілін қалай меңгеріп алғанын айтты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1196681-undistandyq-kompaniyalar-qyzmetkerle/