24 шілдеге арналған жұлдыз-жорамал

Опубликовано:

24 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz порталы назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Тоқтылар үшiн бүгінгі күн бiркелкi өтедi. Сiз өз тобыңыздан бөлiнiп, өзiңiздi көрсеткiңiз келедi. Қазiргi кез сiз үшiн өзiңiздiң алыс туысқандарыңызбен жүздесiп, алыс сапарларға баратын кез. Сiз кез-келген шараларға белсене қатысасыз. Өзiңiздiң жеке абыройыңызды биікке көтересіз

Торпақ

Күннің алғашқы жартысында өз мүмкiндiктерiңізді көрсете алмайсыз. Бiрақ та сiз өзiңiздi мазалап жүрген сұраққа шешiм табасыз. Осы кезде сiздiң абыройыңыз жоғарылайды. Дәл қазiргi кезде сiз өзiңiздiң жақын туысқандарыңыздың кеңесiне құлақ қойыңыз, олар сiзге дұрыс жолды көрсетеді

Егіздер

Бүгін егiздер достарымен жақсы қарым-қатынаста болады. Егер де ғаламторда көп отырсаңыз, дәл өзiңiздей ойлайтын адамдармен танысып, тiлдесесiз. Сiздiң ортаңыз жаңарып, ортаңызға жаңадан қызықты адамдар қосылады. Егiздер шығармашылыққа жақын адамдар, олар өздерiн толығымен көрсетуге бейiм. Күннің ортасы отбасын құрған егiздер үшiн сәттi өтедi. Кешке сiзге демалуға уақыт болмайды, себебi сiз көптеген оқиғалардың ортасында боласыз

Шаян

Бүгін шаяндардың жұмысында/жеке өмірінде өзгерiстер болады. Сонымен қатар сiздiң өмiрлiк ұстанымыңызды өзгертетiндей оқиғалар болуы мүмкiн және алдыңызға жаңа өмiрлiк мақсат қоясыз. Дегенмен бәрiн жаңадан құруға асықпаңыз. Бәрi өз орнына келуi ғажап емес. Сiз жаңа дос табасыз. Онымен арадағы қатынасыңыз болашақта нағыз романға айналуы ықтимал

Арыстан

Бүгін орын алатын кейбiр жағдайлар сiздiң моральдық жағдайыңызды дұрыстауға мүмкiндiк бередi. Бүгін сүйгеніңізге деген iңкәрлiгiңiз күшейедi. Жұлдыздар осы уақытта өз сүйіктілеріңізбен қызықты, көрнектi жерлерге баруға кеңес бередi. Бiрақ бөтен адамдарға сенбегенiңiз жөн

Бикеш

Бүгін бикештердiң тәуекелге баратын iстерге араласпағаны жөн. Әңгiме тек ақша жөнiнде емес, барлық iске қатысты. Кез-келген iс сiзге соққы болып тиюi мүмкiн. Диета ұстап, қуаты күштi тағамдарды азайтып, денеңiздi тазартуға болады.Үйiңiздегі келеңсіз болатын жағдайлардан аулақ болыңыз. Ақшаңызды үнемдеңіз

Таразы

Таразылар бүгін өздерiнiң жолдастарының немесе әрiптестерiнiң тiрлiгiне қатты қуануы мүмкiн. Сiз өзiңiздiң достарыңыздың қасында екенiңiздi сезiнбей жүрсiз, бiрақ оған назар аудармаңыз. Бүгін махаббат қызығына бөлену үшiн қолайлы кез. Егер де сiз жаяу жүретiн адам болсаңыз, онда көңiлiңiз ұнатқан жанмен автобуста немесе мейрамханада танысасыз

Сарышаян

Сарышаяндарға күннің алғашқы жартысы тiрлiкке толы болмақ. Бәлкiм сiздiң туысқандарыңыздың бiреуiне сiздiң көмегiңiз қажет болуы мүмкiн. Өз денсаулығыңызға да көңiл бөлгенiңiз жөн. Аптаның ортасы ерлi-зайыпты/жүрегінің жартысы тапқан сарышаяндарға өте қолайлы. Сүйiктілеріңізбен бiрге жүрiп, романтикалық кеш өткізіңіз

Мерген

Бүгін жүйкеңiздi тоздырмағаныңыз абзал, бiрер күннен кейiн бәрi өз орнына келедi. Махаббат қатынасында ұстамды болғаныңыз жөн. Күннің ортасы сiздер үшiн қолайлы болмақ, сiз жаңа адамдармен танысасыз, әңгiме-дүкен құрасыз. Егерде сiз адамдармен жақсы қарым қатынаста болсаңыз, олар да сiзге оң көзбен қарайды.

Тауешкі

Бүгін тосын сый алуыңыз ғажап емес. Күннің ортасына қарай жағдай жақсы жағына қарай бiраз өзгередi. Өзіңізді техникалық жабдықтардан аулақ ұстағаныңыз абзал. Кешкі уақытыңызды таза ауада серуендеумен өткізіңіз

Суқұйғыш

Бүгін суқұйғыштардың қарым-қатынасында өзгерiстер орын алуы мүмкiн. Бәлкiм сiз өзiңiз араласып жүрген адамыңызбен қатынасыңызды үзiп, жаңа таныстармен танысуыңыз мүмкін. Сапарға шықпағаныңыз жөн

Балықтар

Бүгін сізде сұрақ - жауап күні десек те қателеспейміз. Уақытыңыз болса, маңызды сұрақтарға басқа күнi жауап бергенiңiз жөн болар. Өзіңізге көп көңіл бөліңіз. Əдемі киініп, шаш үлгіңізді өзгертіңіз. Себебі, сізді сыртыңыздар бақылап жүргендер бар.

Тағы оқыңыздар:

Кабулда теракт болып, 60-тан астам адам қаза тапты (фото)

Лейкозға шалдыққан екі жасар қызды туған сіңлісі ажалдан алып қалды

Түркияда туған қазақ қызы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғайды (фото)

Күрішбаев: Қазір жерді жалға беруді әкімдердің өздері-ақ шешіп тастап жатыр

Дінтанушы: Түркиядағы төңкеріске Гүленнің қатысы болса, қазақ-түрік лицейлерін жабу керек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1199264-24-shildege-arnalghan-zhuldyz-zhoramal/