Әлемдегі ең стильді балақай кім?

Опубликовано:

Джордж ханзада әлемдегі ең стильді балақай болып танылды деп хабарлайды comode.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Rakuten" маркетингтік компаниясы жүргізген сауалнама бойынша, әлемдегі көптеген ата-аналар ағылшын мұрагерін аңдып, оның не кигендігіне қызығушылықпен қарап, өз балаларын солай киіндіретін болып шықты.

Ханзаданың анасы Кейт Миддлтон да біраз уақыттан бері сән әлеміндегі танымал тұлға саналады. 22 шілде күні 3 жасқа толған Джордж ханзада "әлемдегі ең сәнді бала" атанды.

Әрине бүлдіршін киімді өзі таңдамайды, бұл жетістік көп деген стилистер мен анасы Кейттің еңбегі.

 

Бүлдіршін әдетте классикалық стильде киінеді: костюмдер, комбинезондар, шолақ шалбарлар, жейделер мен трикотаж жемпірлер.

Айтпақшы, британдық ханзада ең сәнді бала болып алғаш рет  атанып тұрған жоқ. Осыдан екі жыл бұрын, жүргізілген саулнамада дауыс жинау арқылы Джордж бұл атақты жеңіп алған.

Тіпті ол Норд Уэст, Харпер Бекхэм, Сури Круз, Блю Айви Картер және басқада танымал жұлдыздардың балаларын шаң қаптырып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1200350-alemdegi-enh-stildi-balaqay-kim/