Қазақстандық барби туралы 15 дерек

Опубликовано:

Қазақстандық барби қуыршақты көрген адамдар, оны бірден жат планеталықтарға ұқсатып жатады. Динара Рахымбаеваны көрген адамдар оған тіпті әртүрлі атау береді. Кейбірі оған қызығушылықпен қараса, енді бірі бикешті шынайы көрінбейді деп, жерден алып жерге салып жатады.

Алайда, Динара Рахымбаева айналасындағы адамдардың сөзіне бас қатырмақ түгілі, пысқырып та қарамайды. Ол өзіне ұнайтын түр-келбетпен өмір сүруін жалғастыруда деп хабарлайды Comode.kz порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

1. Шын есімі: Динара Рахымбаева. Жасы 21-де. Желідегі парақшасы - @dinara_rkh

2. Динараның парақшасы 2015 жылдың тамыз айында ашылғандығына қарамастан, оған 120 мың адам тіркеліп үлгерген

3. Бойжеткеннің әкесі орыс, анасы қазақ

4. Оның бойы-175 см, салмағы-46 келі, фигурасы-90-55-87

5. Динара өзінің түр-әлпетін арнайы спортзалда жаттығып, түрлі бояуларды дұрыс қолданғаннан дейді

6. Бойжеткен өзін украиналық қуыршақ Валерия Лукьяновамен көп салыстыратынын айтады. Алайда қазақстандық барби ешқашан қуыршақ секілді көрінуге талпынбағынын айтады

7. Шашының түсін өзгерте бермейтін Динара, көзінің түсін арнайы линза арқылы жиі ауыстырады екен

8. Біршама желі қолданушылары, оның боянуына, киінуіне ақша беріп отыратын қалтасы қалың жігіті бар деп топшалаған, дегенмен қыз алты жыл бірге жүрген Антон Чуманов атты жігітінің суретін желіге жүктеп қойған

9. Антон мен Динара өзге елде оқып жүріп танысқан

10. Динара, біраз уақыттан бері өзінің парақшасын тек адамдар лүпіл басу үшін ғана емес, сұлулықтың сырымен бөлісіп отыру үшінде пайдаланып жүргендігі көрінеді

11. Әдемі киімдермен жақсы бояуларға деген қызығушылық Динараның бала күнінен қалып қойған екен. Әрине мұның барлығы анасының арқасында. Ол кезекті бір сұхбатында, "кішкентайымда анам күнде айтып отыратын, дүкенге шықсаңда 100 пайыз әдемі көрінуің керек деп". Бойжеткен әліде сол ұстанымды ұстанады

12. Динараның сүйікті кітабы - «Тікен арасындағы сайрауық құстар». Жалпы бойжеткен классикалық әдебиетке жақын

13. Бикеш ас дайындағанды жақсы көреді, ал кофесіз өмір сүре алмайды

14. Дәмді нәрселерді жаны қалап тұрса ол "қазақстандық" шоколадты ғана тіске басады

15. Динара Рахымбаева, қазіргі таңда Ұлыбританияда орналасқан Ноттингем университетінде қаржы мамандығы бойынша білім алып жатыр. Ол, ағылшын тілінде еркін сөйлеп қана қоймай, қытай және испан тілдерін де үйренуде. Болашақта итальян және француз тілдерін үйренуді де мақсат етіп жүр

Тағы оқыңыздар:

140 келі тартатын алматылық тұрғын семіздіктен салмағын көтере алмай қалды

Қоғамдық кеңес: Алматыда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін

Ұлттық банк теңгенің неліктен әлсіреп жатқанын түсіндірді

Алматыда із-түзсіз жоғалған Сафар Шәкеевтің анасы үндеу жариялады

Алматы тұрғыны көпқабатты үйдің сыртынан Алланың есімдері ұлықталған жазбаларды тапты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1202032-qazaqstandyq-barbi-turaly-15-derek/