Қызылордада аптап ыстықтан бағдаршам еріп кетті (фото)
Опубликовано:
Алмат Сымайылов есімді азамат желідегі парақшасына күннің ыстығынан балқып кеткен бағдаршамның суретін жүктеді деп жазады Stan.kz.
Ол аптап ыстықтан Қызылорда көшелерінің біріндегі бағдаршамның пластик күнқағарлары балқып кетті деп жазған. Сөйтіп жұртқа күнқағарлары еріп, шамдары көрінбей қалған бағдаршамның суретін көрсеткен.
"Бұл өзі рас па, әлде желі қолданушысының қалжыңы ма? Ол жағын білмедік. Бірақ Қызылорда облысында соңғы кездері күннің қатты ысығаны рас сияқты", - деп жазады сайт.
«Қазгидрометтің» Қызылорда облыстық филиалы қызметкерлерінің берген мәліметтеріне қарағанда, ыстықтың беті әзірге қайтпайтынға ұқсайды. Олар алдағы 25 – 27-шілде аралығында ауаның қызуы 43 градусқа дейін жетеді деп отыр.
Тағы оқыңыздар:
Ақтөбеде мүгедек қария өзін қарттар үйіне тастап кеткен баласының тойын жасап берді
Шаханов: Шұрайлы жерлердi үлкен билiк басындағылардың iнiлерi, қыздары жекешелендiрiп алған
Ауыр қайғыға ұшыраған Шәкеевтер отбасына журналистер тыным бермеген
Алматы халқы Сафар Шәкеевпен қоштасты (фото)
БАҚ: Ильиннің Лондондағы «алтыны» Молдова зілтеміршісіне бұйыруы мүмкін
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1205373-qyzylordada-aptap-ystyqtan-baghdarsha/