Ақтөбеде құлағы естіп, көзі көретін робот-күшік жасалды (видео)

Опубликовано:

Ақтөбеде еңбек пәні мұғалімінің жетекшілік етуімен иіс сезуден басқа барлық сезім мүшесі бар күшік-робот жасалды, деп хабарлайды «Тілші» порталы.

"Роботқа енгізілген бағдарлама бойынша, алдында қызыл түсті байқаса, ол бұрылып өтеді, қорылдап ұйықтайды, ашуланады, тіпті тамақтанады. Тек иіс сезу қабілеті жоқ", — дейді Алға қаласындағы орта мектептердің бірінің оқытушысы Алтынбек Сидалиев.

Оның айтуынша, биылдан бастап орта білім беру мекемелерінде робототехнология пәні енгізілмек. Соған байланысты облыс орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде информатика және технология пәндерінің мұғалімдері он күндік арнайы курс оқып жатыр.

"Тәжірибе ретінде бірнеше мұғалім болып, робот жасап шығу керек болды. Менен басқалары программистер екен, еңбек технологиясы пәнінен бір өзім ғана. Жобаға жетекшілік етемін", — дейді осыған дейін талай туындысымен көзге түскен Алтынбек Сидалиев.

Айта кетейік, мұғалім жігіт жапыраққа сурет салады, ескі пластинкалардан түрлі мүсіндер жасап келеді. Сонымен бірге, былтыр Алға балалар үйінің тәрбиеленушілерімен электрокар жасап шығарды. Аудан орталығында үлкен парашют ұшырды.

"Жаңа оқу жылында робототехнология пәні тек бір — біздің мектепте оқытылады. Алға ауданы бойынша, әзірге бір өзім өзге әріптестерімді үйретуім керек. Негізі, мұндай пән бұрыннан керек еді", — дейді шебер «Тілшіге» берген сұхбатында.

Тағы да оқыңыздар:

Атырауда өмірден түңілген жігіт елдің алдында өзін кескілеп тастады (видео)

Фируза Шарипова кәсіпқой бокстан алғаш рет жеңіске жетті

Танымал суретші әйел бала сүйіп, ана атанудан мәңгілікке бас тартты

Британиялық жігіт өзін белгісіз қыздың зорлап кеткенін айтты

Отандық велошабандоз көлікпен соқтығысып, Олимпиадаға бармайтын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1206116-aqtobede-qulaghy-estip-kozi-koretin-ro/