RU

Қытайда алып жылан 18 келілік лақты жұта алмады

Қытайдың шығысындағы Фуцзянь провинциясының тұрғындары фермаға жақын маңнан лақты жұта алмай жатқан алып жыланды тауып алды деп хабарлайды sn.kz.

Фермерлердің пікірінше, питонның асқазаны жемтігін қорыта алмай, салдарынан құсып жіберген. Бұл туралы The Mirror порталы жазды.

Фермердің айтуынша, соңғы 3-4 күнде оның екі бірдей лағы жоғалған. Бірақ, ол жануарларды жылан жеген деп мүлдем ойламапты. Ұрыны іздеймін деп жақын маңдағы орманға барған фермер құсып жатқан питонды көргенде өз көзіне өзі сенбегенін айтады. Питонның ұзындығы 5 метрді құраған.

Куәгерлер түсірген бейнекадрларда жылан аузынан лақтың жарты денесі салбырап шығып жатқанын анық көруге болады. Жануардың өлі немесе тірі екені белгісіз. Ал, ауыл тұрғындары болса жыланды өлтірмей, оны бостандыққа қоя берді.

Тағы да оқыңыздар:

NUR.KZ-тегі мақаладан соң ОҚО-дағы 6 балалы анаға кәсіпкерлер үй салып берді (фото)

Алматы облысында өгей әке кішкентай қыздарын зорламақ болған

Теміртауда белгісіз біреулер Лениннің ескерткішіне оқ атты

Алматыда төсек қатынасы үшін пәтерін жалға беретін жігіттер көбейген

Астанада парамен ұсталған жас шенеунік 12 жылға сотталуы мүмкін

Ақтөбе облысында ішімдікке тойып алған екі қыз ер адамды зорлап кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1206715-qytayda-alyp-zhylan-18-kelilik-laqty-zhuta/