Үндістанда өлді деген адам мәйітін өртейін деп жатқанда тіріліп кетті (фото)

Опубликовано:

Үндістандық азаматты улы жылан шаққаннан кейін көпшілік өлді деп түсінген. Араға бірнеше күн салып, уланған адамның денесін өртеп жатқан кезде ол тіріліп кеткен.

23 жастағы жігітті Үндістанның  Мадхья-Прадеш штатына қарасты орманда жылан шаққан болатын деп хабарлайды nz1.ru порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Жігіттің туыстары кез-келген дертке ем оқитын молдадан көмек сұраған. Алайда ер адамға ол кісінің емі қонбаса керек, араға бірнеше күн салып туыстары оны өлгендер қатарына қосты.

Сандипаның денесі орталық жерлеу рәсімі өтетін жерге жеткізіліп, өртейтін от та жағылған еді. Жанған оттың үстіне жігіттің денесі қойылған кезде қара жамылған жұрт оның жан даусы шығып айқайлағанын естіген. Жиналғандар бірден оның денесін оттан алып түседі.

Жұрт оны қайтадан емшіге алып барғанымен одан тағы көмек болмаған. Қазір Сандиптің денесі аудандық ауруханаға жеткізілген. Онда мамандар зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жігіттің тірі не өлі екені әлі түсініксіз. Оның әйелі мен баласы үміттерін үйзбей, қайтып келеді деп күтіп отырған көрінеді.

Тағы оқыңыздар:

Шымкент тұрғындары: Полицейлер 17 жастағы бозбаланы жабылып ұрды (видео)

Олимпиададан алтын әкелген қазақстандық спортшыларға 250 мың доллармен қоса пәтер де беріледі

Жамбыл облысындағы миномет жарылысы кезінде жараланған шетелдік жауынгер қаза болды

Павлодарда ет сататын жерде жүгіріп жүрген егеуқұйрық жұртты шошытты

Төреғалидің бетіндегі қалың бояуы тыңдармандарына жақпай қалды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1207836-undistanda-oldi-degen-adam-mayitin/