Ғаламторда танысқан қызын он күн бойы күткен жігіттің халі нашарлап кетті (фото)
Опубликовано:
Голландиялық Александр Питер Кирк есімді жігіт ғаламтор арқылы қытайлық Чжан (Zhang) есімді 26 жастағы қызбен танысады.
Екі ай әлеуметтік желі арқылы хабарласып тұрған жігіт бір күні қызға тосынсый жасау үшін Қытайға ұшып келеді деп жазады baq.kz.
Тіпті самолетке отырар алдында қызға ұшақ билетінің суретін де жібереді.
Алайда Қытайға ұшып келген Крикті ешкім күтіп алмайды. Қызға деген сенімі мен үмітінен айырылмаған жігіт Чжанды әуежайдың күту залында он күн бойы күткен. Ақыры жігіттің жағдайы тым нашарлап кетеді.
Бұл жағдайдан хабардар болған қытайлық CCTV News басылымы Чжанды іздеп тауып, онымен хабарласқан. Журналистердің сұрағына жауап берген қыз голландиялық жігіт жіберген ұшақ билетінің суреті қалжың екен деп ойлапты.
Ал Крик қытайға ұшып келген уақытта неге жауап бермегеніне бойжеткен бар болғаны «ұялы телефоным өшіп қалды» деп жауап берді.
Тағы да оқыңыздар:
Ақтөбеде әйелінің сұлулығын қызғанған еркектер ғана никаб кигізетін болып шықты (фото)
Екі дағдарыстан соң Қазақстан халқының жартысынан көбі кедейленіп кеткен
Тасмағамбетов Балқаш торабындағы Ресейге жалға берілген жердің аумағын қысқартты
Түркістан әкімі аруақтардан медет сұраған кейуанаға "періште" кейпінде келіп, көмектесіп жатыр
Отандық сериалдың жұлдызы үйлену тойын ерекше стильде өткізді (фото)
Түсініксіз тілде шырқайтын МС Сайлаубек Қытайды бағындыруға кетті (фото, видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1208915-ghalamtorda-tanysqan-qyzyn-kun-boyy/