Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқындардың қалай азапталғаны жайлы күнделік табылды
Опубликовано:
Мәскеу түбіндегі Подольск әскери архивінен СС рейхсфюрері Генрих Гиммлердің күнделіктері табылды. Жазбалар 1938, 1942 және 1945 жылдар деп белгіленген.
Немістің Bild басылымы келтірген күнделік үзінділерінде Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі концлагерь тұтқындары жайлы қатігездікке толы мәліметтер бар.
Гиммлер өзінің бір жазбасында Бухенвальдта өзіне массаж жасалғанын, содан кейін 10 поляк тұтқынды өлтіруге бұйрық бергенін жазған.
Және ол СС мамандарына иттерді Освенцим тұтқындарының жұлма-жұлмасын шығаруға үйрету туралы тапсырма бергенін жазған.
1943 жылдары жазылған жазбалардың бірінде Гиммлер таңертең Собибордағы лагердің газ камераларын тексергенін, кешке офицерлермен кешкі ас ішкенін әңгімелейді.
Өз күнделіктерінде Гиммлер отбасымен, достарымен, СС басшылығымен қарым-қатынасын сипаттаған.
Күнделіктер келесі жылы тарихшылардың пікірімен қоса жарияланады. Генрих Гиммлер 1929-1945 жылдары СС рейхсфюрері қызметін атқарды және гитлерлік Германиядағы ең лауазымды тұлғалардың бірі болды.
1945 жылдың 23 мамырында калий цианиді ампуласын тістеп, өзіне өзі қол салған.
Тағы оқыңыздар:
Алматыда жоғалған қызды белгісіз біреулер қалыңдық ретінде алып қашып кеткен
Семейде ер адам туған қыздарын төрт жыл бойы зорлап келген
Ақтөбедегі терактіде ауыр жарақаттанған жігіт басындағы бытырамен таксиші болып жүр (фото)
Назарбаев Ақышевтан теңге бағамының құбылуын түсіндіруді талап етті
Қазақстанда діни қызметкерлер бойжеткендерді секс-жиһадқа жіберуде
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1209324-gitlerlik-germaniyadaghy-enh-lauazymdy/