"Үш қоңырды" орындаған қара нәсілді қыз жұртты сүйсіндірді
Опубликовано:
Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Алтынбек Қоразбаевтың "Үш қоңыр" әнін орындаған қара нәсілді интернеттің "жұлдызына" айналды деп хабарлайды Sn.kz.
Instagram желісіндегі eap_kz парақшасында жарияланған видеороликті 9 сағат ішінде 60 мыңға жуық адам қараған.
Әлеуметтік желі қолданушылары әнші қыздың дауысына тәнті. Тіпті, ана тілін білмейтін өз қазақтарымыз сабақ алуы тиіс деп пікір білдірген тыңдармандардың көбі.
Айта кетейік, соңғы кезде қазақша ән айтып, домбырада күй ойнайтын афроамерикалық өнерпаздар саны Қазақстанда айтарлықтай артқан. Бұған дейін қазақ тойларында Құрманғазының "Адайын" шебер орындап, "Атамекен" әнін айтқан қара нәсілді тамада жігіттің өнері көпшілікті таң қалдырған болатын.
Тағы да оқыңыздар:
Ақтөбеде әйелі алты баласымен отбасын тастап кеткесін отағасы инсульт алды (фото)
Қостанай облысында полицейлер 20 жастағы келіншекті азаптады деп айыпталуда
Атырауда туған бауырлар анасының жерлеуіне жұмсалған ақшаға бола соттасты
Астанада 25 жастағы қыз өзін екі күн бойы аяусыз зорлағандардан өз бетінше кек алды
Ақтөбедегі теракт кезінде кезекші болған офицер басшылықты кінәлауда
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1250380-ush-qonhyrdy-oryndaghan-qara-nasildi-qyz/