Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

​Қауырсынсыз тотықұстың ұсқыны елді шошытты (фото)

Опубликовано:

Рея атты тотықұстың суреті әлеуметтік желілерде кең таралып жатыр. Оның әдеттегі тотықұстардан айырмасы қауырсынының жоқтығында. Және осы ерекшелігі оны көпшілікке танымал етуде деп хабарлайды reactor.inform.kz.

Оның жаңа қожайыны Изабелла Айзенманн Рея туралы ветеринардан біліпті. Бұрынғы қожайыны бас тартса керек. Жануарларды жақсы көретін Изабелла құсты асырауға алады.

Ветеринар Реяның балапан күнінде вирус жұқтырғанын, осыдан кейін қауырсыны өссе де тез түсіп қала беретінін айтқан. Дегенмен, тотықұстың бұдан басқа кемшілігі жоқ. Ол сайрағанда көршілердің мазасы қашады екен.

Рея үйдегі итпен де достасып үлгерген. Тек бір қиындық бар. Құсты қыста жылыту қиын. Қожайыны тотықұс тоңып қалмас үшін арнайы киімдер тігіп қойған екен.

Тағы оқыңыздар:

Дос Көшім мектептерге үштілділікті енгізуді орыс тілін сақтап қалу технологиясы деп атады

Белгілі саясаттанушы тоғызыншы рет ауысқан үкіметтің өзгеріс әкелетініне сенбейді

Тони Блэр Қазақстан үкіметіне кеңесші болудан бас тартты

Әдепсіздік танытып, дөрекі сөйлеген депутаттар парламанттен қуылатын болды

7-сыныптың оқулығында жүрген Сабина Алтынбекова желі қолданушысын таңырқатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1259157-qauyrsynsyz-totyqustynh-usqyny-eldi/