Аргентинада адам екендігін дәлелдемек болған әйелдер парламент алдына тыр жалаңаш шықты (фото +18)
Опубликовано:
Аргентинада тәніне құқық беруді талап еткен әйелдер парламент алдына тыр жалаңаш шықты. Олар осылайша өздерінің адам екендігін дәлелдегісі келген. Бұл туралы NUR.KZ порталы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Аргентинаның парламенті алдында оғаш жағдай орын алды. Бірнеше нәзік жанды сексуалды тұрғыдан әйелдерді ерекшелеуге қарсы шығып, жұрт алдында жалаңаштанды.
Urbanudismo деп аталатын қозғалыстың белсенділері әйел тәніне қатысты қоғамда қалыптасқан қағидалар құқықты шектейді деген пікірде. Жалаңаштанған әйелдер бар-жоғы бірнеше минут қана өз қарсылықтарын көрсете алған. Себебі, жалаңаштығын жақтырмаған тұрғындар бірден полицейлерге хабар берген.
Киімі жоқ әйел қарияның қасына келіп отырғанда, қарт кісінің оған қуана қоймағаны байқалып қалды. Ол бірден орнынан тұрып, әйелден алыстау жерге кетіп қалған.
"Әйелім мұны теледидардан көрсе, аман қалмаспын", - деп ойлаған болуы керек сірә.
"Біз жалаңаш әйелдерді қоғам сексуалды ойлармен немесе жиіркенішпен емес, қарапайым адам секілді қабылдауын қалаймыз. Тәнімізге деген құқықты қайтарып алғымыз келеді. Шектеулерді алып тастау керек", - дейді Urbanudismo қозғалысының баспасөз хатшысы Паула Бриндизи.
Полицейлер болса, көптеген тұрғындар әйелдердің үстінен шағымданғасын, оларды тоқтатуға мәжбүр болғандарын алға тартты.
Тағы оқыңыздар:
Нұрсұлтан Назарбаев: Мені асыра мақтаудың қажеті жоқ
Бахрейнде секс-құлдыққа сатылған қарағандылық қызды дипломаттар геолокация арқылы тапқан (фото)
Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен қаңғыбас жындыханаға жабылды (фото)
Қазақстанда айыппұл төлемесең айлығыңды ала алмайсың
Алматы облысында малын 6 миллион теңгеге сатып, үйіне оралмаған үш ағайынды табылмай жатыр
Халал балабақшалар Назарбаеваның ашуына тиді
Момышұлының келiнi: Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейiн ешқашан басына орамал салмаған
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1261786-argentinada-adam-ekendigin-daleldem/