Ергежейлі ғашықтар үйлену тойын дүркіретіп өткізді
Опубликовано:
"Ақшақар мен жеті ергежейлі" спектаклінде рөл сомдаған 26 жастағы Лаура мен 37 жастағы Нейтан дүркіретіп той өткізді. Бұл туралы NUR.KZ порталы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлыбританияның Сандерленд қаласында тұратын ерекше жандар бір-бірін ұнатып қалған. Бүгінде қос ғашықтың екі жасар ұлы бар. Баласы да ергежейлі болып дүниеге келгеннен кейін дәрігерлер оның аман қалуы екіталай екендігін айтқан. Алайда балақай қиындықтарды еңсеріп, ата-анасының тойына қатысу мәртебесіне ие болды.
Лаураның бойы - 127 сантиметр, ал Нейтанның бойы бар-жоғы - 119 сантиметр. Екеуі екі түрлі ергежейлік сырқатымен ауыратындықтан, ұлдарына екі сырқат та берілген. Ғашықтардың тойы қымбат «Саус-Коузи-Инн» отелінде өтіп, оған ең жақын 50 досы қонаққа келді. Лаура үстіне мың долларлық той көйлегін киіп, қалыңдық атану арманын шындыққа айналдырды.
"Біз "Ақшақар" спектаклінде рөлді сомдаған кезде таныстық. Біздің өмір ертегіден басталып, бүгінде тойымыз да ертегі әлемі секілді керемет өтіп жатыр", - деп қуанышымен бөлісті Лаура.
Нейтан той күнін баласы өсіп, жүзікті өзі бере алатын жасқа дейін шегергендерін алға тартты.
"Біз бұл күнді ұзақ күттік. Кіші Нейтанның бізге жүзікті бере алатындай күйге жетуін қаладық. Ұлымыздың болғаны тойды сәнді ете түсті", - дейді Нейтан.
Тағы оқыңыздар:
Шенеунік: Бюджет ақшасын шашқандарды сапалақпен ұрып, басын жұлып алу керек
Семей тұрғыны ақша бермеген анасын аяусыз ұрып өлтірді
Науқастарды балағаттаумен аты шыққан шымкенттік дәрігер құрметті азамат атанды
Дубайдағы "мұнай патшаларының" балалары қалай өмір сүреді?
Бір-бірімен түйдей құрдас отандық және ресейлік жұлдыздар
Танымал актер Қарағанды әуежайындағы әжетханаларды көріп қайран қалды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1263336-bir-birin-tapqan-ergezheyli-zhup-durkir/