Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшеде емін-еркін жүрген "адам жегіштер" полицейлерді шошытты

Опубликовано:

Жексенбі күні манчестерлік полицейлерге бет-аузы қанға боялған қылмыскерлердің емін-еркін жүргені туралы жедел қоңырау келіп түсті.

«Адам жегіштерді» көргенде оқиға орнына дереу жеткен құқық қорғаушылардың жүрегі тоқтап қала жаздапты деп жазады reactor.inform.kz.

Құдай оңдағанда әлгі «қылмыскерлер» ешқандайда адам жегіштер емес, түсірілімнен қайтып келе жатқан зомби кейпіндегі актерлер болып шыққан. Ұзақ түсірілімнен шаршап шыққан Лоу (Lowe) мен Холдэн (Holden) асығыс жолға шығып, бетіндегі гримдерін  сүртіп үлгермеген көрінеді.

«Бұл шынында біздің атымыз шыққан, атаққа іліккен сәтіміз болды. Біз 40 жыл бойы барабанда ойнап келеміз, бірақ бірде-бір рет атымыз газетке шыққан емес. Қазір зомби костюміндегі суретіміз бүкіл ғаламторды шарлап кетті. Біз ештеңе ойламастан машинаға отырдық. Тіпті біз туралы хабарды кім бергенін де білмейміз. Бізді полиция көлігі тоқтатты. Терезені ашқанда әуелде тіксініп, кейін таң-тамаша болған полиция қызметкері күлкіге қарық болды. Содан кейін дәлел үшін суретке түсіріп алды», - дейді актерлер.

Тағы да оқыңыздар:

Көліктен шықпай дәрет сындырған полицейдің қылығы жұрттың ашуына тиді (фото)

Ұзынағашта қаза болған жігіттің айтқан әні көпшіліктің жүрегін елжіретті

Шымкенттіктер ойлап тапқан жаңа қалыңмал түрі Қазнетті шулатты

Оқырмандар Майра Мұхамедқызын Дженнифер Лопеске теңеді (фото)

Аллотей: Қазақстанға Қанатты нокаутқа жіберіп, белбеуін тартып алу үшін барамын

Талғат Ермегияевтің тәркіленген қымбат көліктері сатылымға шығарылды (фото)

Талдықорғандық шенеунік 3 млн-ға жуық қаржыны қалтасына басқан

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1264269-koshede-emin-erkin-zhurgen-adam-zhegishte/