Үнді әйелдерінің маңдайындағы қызыл бояу нені білдіреді?
Опубликовано:
Үнді әйелдерінің маңдайындағы қызыл бояу «бинди» деп аталады. Ол әйел адамның индуизм дінін ұстанатынын және әйелдің тұрмыста екенін білдіреді деп жазады reactor.inform.kz.
Бинди жарқын болашақтың белгісі саналады әрі әйелдің отбасындағы орнын білдіреді.
Ал оның дәл маңдайға жағылуының да өзіндік себебі бар. Екі қастың арасында «үшінші көз» бар деп саналады. Ал онда даналық жасырылған-мыс. Сонымен қатар бинди әйелдің әйелдік энергиясын сақтайды дейтін түсінік қалыптасқан. Тұрмыстағы келіншек үшін бинди ең алдымен сәттілік символы болып табылады.
Қазір биндиді оңтүстік және оңтүстік-шығыс Азия әйелдері жасы мен дәрежесіне қарамастан жағады. Қызыл түс қана емес, басқа түспен де бояуға болады яки орнына моншақ тағуға да рұқсат. Батыстың көптеген әншілері өздерінің стиліне сән беру үшін биндиді қосымша элемент ретінде де көрсетіп жүр.
Тағы оқыңыздар:
Қарағандылық азамат итке бола Ресей тұрғынын өлтіріп тастады
Ақтөбеде бұрынғы полицей жол апатын жасап, бір адам қайтыс болды
Алматыда ірі жол апаты болып, бірнеше көлік соқтығысып қалды (фото, видео)
Эстония президентінің күйеуі төрт баласын бағып, жұмыссыз отырмақ
Жамбыл облысында жүкті келіншекті пойыз қағып кетті
Оңтүстікте күтпеген жерден қар жауып, ауа-райы күрт бұзылып кетті
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1272898-undi-ayelderininh-manhdayyndaghy-qyzy/