Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күші 100 аттың күшіне пара-пар ұшатын көлік сатылымға шықпақ (видео)

Опубликовано:

Словакияның AeroMobil компаниясы құрастырған ұшатын көлік 2017 жылы сатылымға шығады. Бүгінде бұл аэрокөлік барлық сынақтардан сәтті өткен деп хабарлайды Массагет порталы.

Бұл әуекөліктің прототипі, шамамен, 25 жыл аралығында жасалынған. Түзу жолда орта есеппен алғанда 160 км/сағатпен жүрсе, әуеде 200 км/сағаттан астам жылдамдықпен ұша алады.

Қарапайым көліктер жүретін қара жолға емін-еркін сыяды. Сондай-ақ, көлік тұрағына еш қиындықсыз қоюға болады. Көлік әуеде ұшқанда сағатына 15 литр жанармай жағады. Өндірушілер қауіпсіз ұшу құрылғыларының сапасының мықтылығына кепілдік беріп, сенім білдіріп отыр.

2017 жылы сатылымға шығатын көліктің бағасы 200 000 еуро шамасында болады. «АИ-95» жанармайымен жүреді. Моторының күші – 100 аттың күшіне пара-пар. Көлікті жүргізу үшін жүргізуші куәлігіне қоса, ұшқыштар курсынан өткені туралы арнайы сертификат қажет екен.

Тағы оқыңыздар:

Жамбыл облысында 82 жастағы кейуана тірідей өртеніп кетті

Facebook-те аз «лайк» жинау адамдардың басты қасіретіне айналуда

Өскемендегі мейрамхананың тағамынан жұлдызқұрт табылды

Бүгін Самат Смақов Ұлттық құрамада соңғы рет өнер көрсетеді

Ақтауда жас жігіттердің дүкен тонап жатқаны камераға түсіп қалды (видео)

Қазақстанның бес облысында күн күрт суытып, үсік жүреді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1280325-kushi-100-attynh-kushine-para-par-ushatyn-kol/