Мексикада өлі шаяндарды тырнаққа жабыстыру сәнге айналуда (фото)
Опубликовано:
Мексикада шаянды тырнақ бетіне салып безендіру сәнге айналып барады. Оған Тес-коко қаласында өткен қол өнер кәсіби көрмесі дәлел деп хабарлайды 24.kz.
Кейбіреулер мұндай сәнді заманауи стиль деп бағаласа, енді біреулері бұл сәнді кер-тартпалық деп отыр. Алайда жаңа үрдісті қолдайтын қыз-келіншектің қарасы көп болып шықты.
Дуранго қаласынан келген Лупито Гарсиа бұл іспен бір жыл бұрын айналыса бастаған. Халықтың ықыласы ауған қызмет түріне сұраныс артып, шебер жеке бизнесін бастайды. Көмекшісі де бар. Көрмеге алғаш рет қатысып отырған Гарсианың бұрышына күніне кем дегенде 20 қыз-келіншек келіп, тырнақтарын әрлейді. Бір-екі тырнақты әсемдеу 50 песо немесе 2 доллар 68 цент тұрады. Өлі шаян адамға ешқандай қауіп төндірмейді. Көмекші қыз жәндікті қысқышпен ұстап, тырнақтың үстіне қойып, оған сұйықтық жағып, жәндікті соған жабыстырады
Кәсіпкер әйел шаруасына қажетті шаяндарды Дуранго штатындағы таулы аймақтардың тұрғындарынан алады. Онда олар өте көп және түр-түрі кездеседі.
Бірақ тірі шаяндар адамға өте қауіпті. Әлемде бұл жәндіктің 1 мыңнан астам түрі бар, соның елуге жуығы қатерлі. Гарсияның өзін бірнеше рет шағып алған. Егер улы жәндік кісіге тисе, науқасқа 2 сағаттың ішінде дәрі егу керек.
Тағы оқыңыздар:
Баян Мақсатқызы өзін соққыға жыққан күйеуін кешірді
Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста шай ішіп, темекі тартуға тыйым салынбайтын болды
Мектепте ақша жинаған мұғалімдер енді қызметінен қуылады
ОҚО әкімі елбасының саясатына қарсы шығатындарды қорқытты
"Мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар емханаға түсті
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1289309-meksikada-oli-shayandardy-tyrnaqqa-zhab/