Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш аяғы, екі жүрегі, екі жыныс мүшесі бар адамдар туралы не білеміз?

Опубликовано:

Естімеген елде көп. Туа біткен генетикалық ауытқушылықтары бар адамдар ортамызда жүр. Мысалы, екі жыныс мүшесі бар еркек, екі құрсақты әйел, тіпті одан да сорақылары кездеседі. Солардың біразын назарларыңызға ұсынамыз.

Қос қынапты әйел

Хезел Джонс бойжете бастаған кезде төменгі жағы тартып ауыратын болған. 18 жасына дейін соған шыдап келген. Мұның себебін дәрігерлер оған қос қынабы бар екенін анықтағанда бір-ақ білді.

27 жастағы әйелдің құрсақ дамуындағы бұл ауытқушылық ғылыми тілде Uterus Didelphys деп аталады. Мұндай жағдай миллион қызда бір кездеседі екен.

Хезелдің жігіті оның жыныс органының басқа әйелдерден ерекше жаратылғанын байқаған. Содан кейін Хезел дәрігерге жүгінген. Алайда ол оған ешқандай қиындық туғызбайтынын мәлімдеді. Тек екі рет қыздық пердесін жоғалтқаны болмаса, бұл ауытқушылық Хезелге еш қиындық туғызбайды екен.

Екі жыныс мүшесі бар еркек

Желіде өзін DoubleDickDude деп атайтын ер адам өзінде екі жыныс мүшесі бар екенін мойындады. Бұл ауытқушылық диффалия деп аталады. Әлемде осындай 100-ге жуық адам бар деседі.

Жыныс мүшесінің әрқайсысы 12 сантиметрге жетеді екен. Ал эрекция кезінде олардың ұзындығы 18 сантимертге дейін баратын көрінеді. DoubleDickDude желіге оның көрнекі суретін де салды. Алайда оның көрнекілігі соншалық, тіпті мақалаға орналастыруға келмейді.

Қосымша ДНҚ тармағы бар бүлдіршін

Екі жасар бүлдіршіннің диагнозы әлемде ешкімде жоқ. Элфи Кламптың туғанынан көзі көрмейді. Дәрігерлер жүздеген қан талдауынан оның хромосомасында артық ДНҚ тармағы бар екенін анықтаған. Олар бұл құбылысқа қандай диагноз қоярын білмей отыр. Сондай-ақ артық ДНҚ тармағы баланың өміріне қандай әсері бар екені де анықталмай келеді.

Төрт қол, төрт аяғы бар үнді баласы

Бұл жеткіншектің кеуде тұсынан тағы да екі аяқ пен екі қолы шығып тұрады. Мұны жергілікті жұрт құдай ретінде санап, оған табына бастаған. Мұны ұнатпаған оның ата-анасы балаға жеті жасында ота жасатты.

Дипак Пасван есімді жеткіншек паразитті сиам егізімен қосылып туған. Хирургиялық отаның құны – 50 мың еуро тұрған.

Қос қабатты бет-әлпет

Канканг есімді 14 айлық бала бет деформациясымен туылған. Оны бетіне маска киіп алған немесе екі қабат беті бар бала ретінде елестетуге болады.

Оның анасы Йи Ксилиаон (Yi Xilian) электроника өндіретін зауыттың қызметшісі. Ол аяғы ауыр кезінде барлық медициналық талдаулар баланы сау деп көрсеткенімен ауытқушылығы бар бала туады. Байғұс баланың бетіне қорқынышты маска өсіп кеткендей көрінеді. Қазір ол Қытайдағы белді клиникалардың бірінен ем алып жатыр.

Ұстама алған екі жүректі адам

Верона қаласының ауруханасына жүрек ұстамасымен түскен адамның бір қарағанда өзгелерден еш айырмашылығы жоқ. Дәрігерлер оны жай ғана ұстамамен ауырған екен деп ойлайды. Байқап қараса, оның екі жүрегі бар болып шыққан. Жүрек туа бітпеген. Осы оқиғадан бұрын оған ауру жүректі алмай соның үстіне сау жүректі трансплантациялаған.

Бұл гетеротопикалық трансплантация әдісінің мәні ауру органның жанына сау органды орналастыру. Ота сәтті өткен жағдайда адамда екі түрлі, бір-бірінен тәуелсіз жүрек соғысы қалыптасады. Бірақ бір жүрек екіншісінен жақсы жұмыс істесе, адамның тынысын тарылтып, қан қысымын түсіріп жібереді.

Үш аяқты, екі жүректі жігіт

Джордж Липперт 1844 жылы Германияда туған. Оның үш аяқты екені туа салып белгілі болса, жүрегінің екеу екені 1906 жылы ол қайтыс болып, денесін сойған кезде анықталған. Үшінші аяғымен ол жүре алмайтын. Ол осы ерекшелігімен циркте жұмыс істеген.

Оның негізгі бәсекелесі үш аяқты Франческо Лентини болды. Ол үйленген, екі бала тәрбиелеп, 78 жасында дүние салған.

Екі басты нәресте

25 жастағы бразилиялық Мария де Назаре егіз туам деп жүрді. Босанар алдында жасалған УЗИ-де оның екі басты бала екенін анықталған. Жас ана балаларының атын діни мерекеге орай Эмануэль и Иисус деп атаған. Ал шын мәнінде бұл екі басты бала сиам егіздері болатын.

Үшем туған екі құрсақты әйел

Uterine Didelphys деп аталатын жағдай әйелдің денесінде екі құрсақтың болуымен түсіндіріледі. Бұл өте сирек кезедесетін жайт. Бірақ Ханна Керси, оның анасы және әпкесінде екі құрсақтан бар. Ханна 2006 жылы таныла бастады. 23 жастағы әйелдің бір құрсағында егіздер Руби мен Тилли дамыса, екіншісінде Грейс өсіп-өнген.

Тағы оқыңыздар:

Қазақша мақтан: Жігіттер кредитке той жасап, ата-анасының үйін кепілге қоя бастады (фото)

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңге жымқырғанын мойындады

Жазира Байырбекова күйеуінен таяқ жеген кездерін жасырмай айтып берді

Мақпал Жүнісова: Тұңғышбайды бірден қамап тастағаны сұмдық қой

Күйеуін көңілдесімен ұстап алған әйел не істеу керектігін білмей, елден ақыл сұрады

Сауат Мыңбаевтың бір басында 30 орынбасары бар болып шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1306064-ush-ayaghy-eki-zhuregi-eki-zhynys-mushesi-ba/

pixel