Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам сенгісіз жағдай: Үйіндінің астынан 17 жылдан кейін тірі шыққан адам

Опубликовано:

Қираған шахтаның астынан 17 жылдан кейін тірі шыққан адам әлемді таңырқатты деп хабарлайды p-i-p.me сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Осыдан 17 жыл бұрын Қытайдың батысында қуаты 7,8 баллдық жер сілкінісі болады. Салдарынан 118 жұмысшы қызмет ететін шахта опырылып, содан бері шахтаның қираған бөлігі жабық күйінде қалған.

Алайда кеншілер тобы қараусыз қалған шахтадан кездейсоқ ер адамды тауып алғаннан соң, шахтадағы жұмыс қайта жанданды. Қытайлық кенші болса, сол қирап қалған шахтада 17 жыл бойы өмір сүрген.

Кеншілер үйіндінің арасынан 59 жастағы Чунг Вайды тауып алғанда оның жағдайы өте ауыр болатын. Ол бірден жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, қазір оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Белгілі болғандай жер сілкінісі кезінде шахта туннеліне сүйеу болып тұрған ағаш тіреулер опырылып қалады. Салдарынан үйіндінің астында 117 адам қалып қойып, мерт болады. Қайғылы оқиғадан тек қана Чунг аман қалады. Оның тірі қалған себебі, ол вентилияциялық саңылау арқылы демалып жатқан.

Абырой болғанда шахтада азық-түліктің мол қоры да болған. Соған қарамастан Чунг Вай тышқандармен және мүкпен қоректенген.

Чунгтың тірі қалуы және оның осыншама уақыт бойы өмір сүруі адам айтса сенгісіз жағдай. Айта кетейік, мұндай жағдай адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған. Яғни үйінді астында 17 жыл бойы өмір сүріп, жарық дүниені қайта көру әлі тарихта тіркелмеген.

Тағы оқыңыздар:

Сергей Ковалев Андре Уордтан жеңіліп, чемпиондық атақтарынан айырылып қалды (видео)

Дубайда 8 минутта 200 есеп шығарған 7 жасар ақтөбелік оқушы әлемді таң қалдырды (фото)

Алматы-Астана тас жолындағы жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды

Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

Туған інісін ажалдан арашалап қалған бала желіде жұлдыз болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1323029-adam-sengisiz-zhaghday-uyindininh-astyn/

pixel