Майдандас досының жерлеуіне көйлек киіп келген сарбаз жұртты жылатты (фото)
Опубликовано:
Кевин Эллиотт Ауғанстанда әскери борышын өтеген британ әскерінің жас сарбазы еді. Қаруластарының өліміне қарамастан ол үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүретін.
Жауынгер жолдастарына әзілдеп, оларды жаман ойламауға шақыратын. Міне сол әзілдерінің бірі шындыққа айналып, Бэрри Делани есімді өзінің жан досы оның жерлеу рәсіміне көйлек киіп келді.
Майдандастары егер Кевин мен Бэрри екеуінің қайсыбірі бірінші болып көз жұмса, сол жерлеу рәсіміне көйлек киіп келетінін айтып, бәс тіккен еді. Бэрри үйіне тірі оралып, Кевин майданда көз жұмды.
Жерлеу рәсіміне қатысқан Бэрри әзілқой досының құрметіне сары көйлек пен алқызыл түсті шұлық киіп келді.
Оған ешкім ескерту жасай алған жоқ, ешкім де мазақ етпеді.
Куәгерлердің айтуынша, Бэрри жылап тұрып, жерленіп жатқан досынан «киіп келген көйлегім ұнады ма?» деп әзілдеп сұраған.
Тағы оқыңыздар:
Мұхамеджан Тазабек Мекемтас Мырзахметовке жауап берді
Бердібек Сапарбаев бес жасында жетім қалған қызға 2 бөлмелі пәтер алып берді (фото)
Шымкенттегі ірі базардың қожайыны облыстық мәслихаттың хатшысы болып сайланды
Ерке Есмахан өзінің оқырмандарынан қол жайып ақша сұрады (фото)
Алматыда мейірімді жандар қар тазалаған жұмысшыларға тегін тамақ таратты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1323411-maydandas-dosynynh-zherleuine-koylek-k/