Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұсқынынан 22 жыл бойы ел шошыған қыздың тағдыры

Опубликовано:

Муй Томас - Гонконгта туып-өскен ерекше жан. Ол ихтиоз деп аталатын сирек кездесетін, тұқым қуалайтын дертпен туылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Оның терісі жай адамдарға қарағанда 10 есе жылдам өседі. Бұл дертпен ауыратын көптеген науқастар ұзақ өмір сүрмейді. Ал Муй Томас 22 жаста.

Америкалық Тина және Томас Роджер есімді ерлі-зайыптылар дәл осы Муй Томас дүниеге келген перзентханада ерікті ретінде қызмет атқарып жүрген. Бас кезінде олар кішкентай нәрестенің жағдайын бақылап, оған қарап жүрген. Кейіннен олар қызды асырап алу туралы шешім қабылдайды.

Муйді олар үйде ерекше махаббатпен өсіріп тәрбиелейді. Алайда қоғам оны дұрыс қабылдамайды. Сыныптастары оны мазақ етіп, күлкіге айналдырады.

Ол осыған қарамастан, барлық кедергілерді жеңіп шығып, қазір денесінде ақауы бар және жарымжан адамдарды оқытатын тәлімгер болып жүр.

Оның басты ұраны: «Бізді ешқандай ауру да, физикалық ақау да тоқтата алмайды!»

Тағы оқыңыздар:

Қызуқанды грузин балуаны ресейлік қарсыласымен төбелесіп қалды

Ресейде Тәжікстанның жеті азаматы тірідей жанып кетті

Күйеуінің таяғына шыдай алмай ажырасып кеткен әйел алты баласына нан таба алмай отыр

Ақтөбеде 2 жасар сәби ВИЧ індетін жұқтырған

Алматыда мейірімді жандар қар тазалаған жұмысшыларға тегін тамақ таратты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1323435-ata-anasy-sirek-kezdesetin-aurugha-shal/