Үнділік отбасы алты саусағы бар қыздарын тұрмысқа шығара алмай отыр
Опубликовано:
Үндістандағы Бихар штатында ерекше отбасы өмір сүреді. Отбасының 25 мүшесінің барлығының аяқ-қолында алты саусақтан бар деп хабарлайды NUR.KZ.
Cолтүстік Үндістанның Гайя деп аталатын ауылында Кришна есімді 50 жастағы ер адам тұрады. Оның басқалардан ерекшелігі сол - оның аяқ-қолында алты саусақтан. Жалғыз оның емес, оның аға-апалары, әкесі мен балаларында да тура сол жағдай.
Чудхари отбасында 25 адам бар. Олардың арқайсысында 24 саусақтан. Олардың қыздары тұрмысқа да шыға алмай отыр. Себебі, күйеу жүігіттер мұндай ерекшелігі бар қыздарды алғылары келмей, қайтып кетеді екен.
Кришнаның өзі алты саусақты қолдарынан ешқашан қысылып немесе зардап шегіп көрген емес. Бірақ, оның балаларының көріп жүрген қиындықтары оның жанына батады екен.
"Көптеген жігіттер біздің әулеттің қыздарына үйленгілері келмейді. Мысалы, қызымның ерекшелігін көріп, одан төрт жігіт бас тартты. Оларды не қорқытып отырғанын түсінбеймін", - деді қиналған әке.
Ал ауыл адамдары бұл әулетті 24 саусақтылар отбасы деп атап кеткен.
Кришнаның келіні Ситбия болса, бұл ерекшелікті тәңірдің өзі сыйға берген деп есептейді.
Отбасының бір қиналатыны - өздеріне лайықты аяқ киім таппауы.
"Аяқ киімнің барлығы бізге ыңғайсыз болады. Сондықтан біз тәпішке ғана киеміз", - деді отбасы мүшесі.
Бұдан басқа, әулеттегі балалар мектепте де дұрыс білім ала алмай отыр. Олардың айтуынша, алты саусақпен жазу-сызу өте қиынға түседі.
Ал дәрігерлердің айтуынша, мұндай артық саусақтардың адам өміріне келтірер еш қаупі де, қолайсыздығы да жоқ.
"Бірақ олар адамды психологиялық тұрғыдан күйзелтуі мүмкін. Ал оны алып тастау бойынша ота қымбат тұрады", - деді ол.
Дереккөз: fishki.net
Тағы оқыңыздар:
Пәтер жағалап жүрген қазақ қыздары жан айқайын жеткізді (фото)
ШҚО-да аяз күшейіп, -39 градусқа жетті
Ресейдегі жемқор министрге қазақстандық бойжеткеннің қатысы бар болып шықты (фото)
Танымал қазақ әншісі кәрі қыздарды азайтып, төрт әйел алатынын ашық айтты
Ақтауда зорланған алты жасар қыз 87 тәулік бойы өмір үшін күрескен
Ақтөбеде жалғызбасты әке балаларын әйелсіз өсірудің тым қиын екенін айтты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1325048-undilik-otbasy-alty-sausaghy-bar-qyzda/