Арыстанға жем болып, жылқы мен піл таптап өлтірген әртістер
Опубликовано:
Көпшілік цирк әртістерінің өнеріне тәнті болып, таңданысын жасыра алмай жатады. Алайда цирк алаңының қаншалықты адам өміріне қауіпті екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Себебі жыртқыш аңдардың адамдарға бағынбауы, түрлі трюктар кейде адам өліміне әкеліп жатады.
NUR. KZ назарларыңызға цирк алаңында кісі өлімі және ауыр жарақатпен аяқталған қайғылы оқиғаларды ұсынады.
Сара Гийяр-Гийо
Әйгілі Дю-Слей циркі әлемге өзінің ғаламат шоуларымен танымал. Алайда оның елді барынша қызықтыру үшін жасалған кезекті қойылымы өліммен аяқталды.
Қойылымдардың бірінде 31 жастағы акробат Сара Гийяр-Гийо 50-футтық (15 метрден жоғары) биіктіктен құлап кетеді. Қойылым кезінде Сараның қорғаныс белдігі ажырап кетіп, оны ешкім өлімнен арашалап қала алмайды.
Ириска
Ириска атымен танымал әртіс - Ирина Асмус 1986 жылы көрермендердің алдында 12 метр биіктіктен құлап қаза болды. Дәрігерлер оның барлық мүшесі сынғанын айтқан болатын. Алайда әртістің өлімі ішкі қан кетуден болған.
Анастасия Максимова
Краснодар өлкесіндегі Абрау-Дюрсо циркінде болған жантүршігерлік жағдай жас шабандоз бойжеткеннің өмірін жалмады. 24 жастағы Анастасия Максимова қойылым кезінде жылқыдан ұшып түсіп, жануар оны жүздеген көрерменнің көзінше, таптап кетеді. Алған ауыр жарақатынан әртіс ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде көз жұмады.
Снежана Даутова
2003 жылы Одессадағы жергілікті цирктен үйретуші Снежана Даутованың зақымданған денесі табылды. Осы уақытқа дейін оқиғаның қалай болғанын ешкім дөп басып айта алмайды.
Белгілісі жолбарыс бағанаға секірудің орнына үйретуші бойжеткеннің үстіне секірген. Сөйтіп қыздың ұйқы күретамырын, кеңірдегін көмейімен қоса жұлып алған. Снежананың өлімі талай адамның қабырғасын қайыстырған. Кейін бойжеткенді өлтірген жыртқышты атып тастады.
Александра Терехова
Москавада 2001 жылдың 22 ақпан күні дайындық кезінде Даша есімді ұрғашы піл жаттықтырушы бойжеткен Александра Терехованы таптап өлтірді.
Род-Айлендегі гимнастардың 12 метр биіктіктен құлауы
Цирк алаңында қайғылы жағдайлар көбінде әуе гимнастарымен болып жатады. Сондай жантүршіктірер оқиға АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында болған. Қойылым кезінде дәл көрермендердің көз алдында көкте 8 адамнан құралып, "аспалы шамды" бейнелеген гимнастар жерге 12 метр биіктіктен құлап түседі. Абырой болғанда бәрі аман қалады, алайда олар қатты жарақат алған.
Якутскдегі гимнаст қыздардың құлауы
АҚШ-тағы оқиғаға ұқсас жағдай Якутскдегі "Саха циркінде" болады. Дайындық кезінде төрт гимнаст қызды ұстап тұрған арқан ауырлықты көтере алмай үзіліп кетіп, нәтижесінде көктегі әртістер дәл цирк алаңына құлап түседі. Олар аман қалғанымен барлығы әртүрлі жарақат алған.
Юлия және Александр Волковтар
Тағы бір қайғылы жағдай ресейлік әртістер Юлия және Александр Волковтармен болды. Москавадағы цирк алаңында дайындық жүргізіп жатқан олар биіктіктен құлап кетеді. Абырой болғанда олар аман қалады. Бірақ қос әртіс алған жарақаттарынан ұзақ емделгенін жасырмайды.
Тағы оқыңыздар:
Атақты революционер Фидель Кастро қаза болды
Үш қазақстандық боксшы жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медальға таласады
Ақтөбелік отбасы жетім қызды қамқорлығына алып, оның аяғы ауыр екенін білгенде қуып жіберген
Қарағандыда жол талғамайтын көлік жарылып, екі адам жансақтау бөліміне түсті (фото)
Алматыда жат діни ағым өкілдерінің жиналатын орындары аталды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1329695-arystangha-zhem-bolyp-zhylqy-men-pil-tapt/