Үйге шырша құруға шариғат қалай қарайды?

Опубликовано:

Үйге шырша құруға бола ма, оған шариғат қалай қарайды деген көпшіліктің сауалына дінтанушы Абдусамат Қасым Islam.kz порталында жауап береді.

"Жалпы алғанда Ислам діні өзге діндегілердің діни рәсімдерін, діни мейрамдарын қайталап, оларға ұқсау мақсатында орындауды құп санамайды. Өйткені, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Кім бір қауымға ұқсаса, ол солардан»[5], - деген.

Шырша құру әдетінің түпкі пәлсәфәсі ұмытылып, көп адам жәй «жаңа жылдың рәмізі» ретінде қарағанымен, негізгі астарында өзге діни сенімдегілерге еліктеушілік жатыр. Осыған орай, Ислам тәлімін ту етіп жүрген намазхан кісілер жаңа жылда үйлеріне шырша құрмағандары абзал.

Ал, шырша құрған адамға да күнәһар көзбен қараудың қажеті жоқ (әсіресе, өзін мұсылман санағанымен діннен алыстау адамға). Неге десеңіз, шамамен бір ғасыр бойы еліміздегі мұсылман жұртшылығының санасына сіңіп үлгерген бұл әдетке бірден «харам» деп байбалам салғаннан гөрі, Ислам дініндегі «әт-тәдәрруж», яғни, «мұсылманшылық әстә-әсте» деген қағиданы негіз еткен дұрыс деп ойлаймын. Ислам діні алғаш келген кезде, көп дүниені бірден емес, бірте-бірте тыйып отырды. Тіпті, барлық жамандықтың басы саналатын «шараптың» өзін де, құл иеленушілікті де осылай тыйған.

Ислам дағуатының негізгі ережелерінің бірі саналатын «әт-тәдәрруж» қағидасын пайдалануды, сондай-ақ, дінімізде амалдардың кісінің ниетіне қарай бағаланатындығы да үкімге əсер ететін негізі қағидаттардың бірі екендігін ұмытпағанымыз жөн. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!", - деп жауап қатты дінтанушы.

Тағы оқыңыздар:

Петропавлда 15 миллион теңгеге салынған хоккей кортының шатыры опырылып қалды (фото)

Павлодар тұрғыны ұлтарақтай жер үшін өзін өлтірмек болды

Түрмеде аузын тігіп, қарнын тескен ақтаулықтар бостандықтағы өмірдің қиындығын айтты (фото)

Депутат Тiнiкеевтің жүрегі нашарлап, ауруханаға түсiп қалды

Ресейлік коммунист құрамына Қазақстан кіретін одақтас мемлекет құруды ұсынды

Қарсыластарын тізерлетіп қойып кешірім сұратқан қазақ қыздары желіні шулатты

Ахметжан Есімовтің көзбояушылығы Алматы тұрғындарын әбігерге салды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1353939-uyge-shyrsha-qurugha-sharighat-qalay-qaray/