Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйеліне қатты ренжіген ер адам 20 жыл бойы оған тіл қатпаған (видео)

Опубликовано:

Жапонияда әйеліне қатты ренжіген ер адам 20 жыл бойы онымен сөйлеспей қойған. Бұл туралы NUR.KZ порталы lipstickalley.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлі-зайыптылардың ренжісіп, біраз уақыт бір-бірімен сөйлеспей жүретіні - үйреншікті жағдай. Алайда Жапонияның оңтүстігінде тұратын Катаяма мен оның әйелі Юри 20 жыл бойы реніштері тарқамауымен әлем назарын өздеріне аударды.

Бұл жайтты 18 жастағы ұлы Йосики жергілікті телешоуға хабарлап, олардан көмек сұраған. Ол әкесі мен анасының бір-бірімен сөйлескенін бір рет те көрмегенін айтып, мұңын шағады.

Нәтижесінде бағдарлама ерлі-зайыптыларға саябақ ішінде ерекше кездесу ұйымдастырып, сөйлесуіне жағдай жасаған.

Саябақта 20 жылдан кейін әйеліне алғаш тіл қатқан Катаяма оған осы күнге дейінгі барлық жақсылықтары үшін алғыс білдіреді. Ал мұны тығылып, бақылап тұрған балалары еріксіз көздеріне жас алды.

Белгілі болғандай, Катаяма әйелін өзіне көңіл бөлмей, тек балаларын әлпештеп келгені үшін жазғырып келген екен. Сол үшін сөйлемей қойған азамат бүгінде өз қателігін түсінгенін айтуда.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев павлодарлық бүлдіршіннің арманын орындады

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жел соғады

Ыстамбұлда Cанта Клаус костюмін киген қаскөй 35 адамды атып өлтірді

Назарбаев қазақстандықтарды Жаңа 2017 жылмен құттықтады (видео)

Алматы әкімі Байбек әкімдер рейтингінде көш бастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1364474-ayeline-qatty-renzhigen-er-adam-20-zhyl-bo/

pixel