Араб байлары арыстан жетектеп жүре алмайтын болды
Опубликовано:
Араб Біріккен Әмірлігінің билігі арыстан, жолбарыс, қабылан т.б. ірі мысық тұқымдас жануарларды үй жануары ретінде асырауға тыйым салды деп хабарлайды qazaqtimes.kz.
Араб байының автокөлігіндегі қабылан Фото: pinterest.com
Бұл күнде Арабия сынды мұнайлы елдің бай тұрғындарында қабылан, арыстан, жолбарыс сынды жыртқыштарды асырау бет-бедел мен атақ-абыройдың белгісі санау дәстүрге айналған. Алайда ендігі жерде байлар осы істері үшін көп мөлшердегі айыппұл төлеуіне тура келеді. Тіпті бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.
Осыдан бұрын адамдар әлеуметтік желілерден араб бай-бағландарының ірі мысық тұқымдас жыртқыштарды жетектеп, сейілдеп жүрген суреттерін көруге болатын. Тіпті, автокөліктің орындығында отырған арыстандарды да көретін еді. Қазан айында Дубай жағажайында асыр салған жолбарыстың мәулендері түсірілген видео әлеуметтік желіні шарлап, желі тұтынушыларының қызығушылығын тудырған болатын.
Әрине, АБӘ-нің билігі осы жыртқыштардың қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіруінен алаңдайды. Атқаруға берілген соңғы заңдарына сәйкес, «Кез келген жеке тұлғаның жабайы аңдардың барлық түрін, жыртқыш аңдарды, қолға үйретілген адам өміріне қатер төндіретін жануарларды асырауға, тамақтандыруға болмайды».
Егер бұл заңды бұзған жеке тұлғалар анықталса, 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылып, 500 мың дирхан (13,6 мың АҚШ доллар) айыппұл салынады. Егер жыртқыш жануарларды басқаларды қорқыту үшін пайдаланылса, айыппұлы 700 мың дирханға дейін жоғарылайды.
Тағы оқыңыздар:
The New York Times Қазақстанды 2017 жылы саяхаттауға болатын ең үздік мемлекеттер қатарына кіргізді
Ыстамбұлда тағы да атыс болды
Ақмола облысында жаңажылдық кешке кеткен 18 жасар бозбала табылмай жатыр (фото)
Өзін хаски иті санайтын мысық желіде жұлдыз болды
БҚО-да жаңажылдық отшашудан балалардың көздері күйіп қалды
105 жастағы қария тағы да рекорд орнатты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1367146-arab-baylary-arystan-zhetektep-zhure-al/