Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдардың аттап басуына тыйым салынған арал туралы не білеміз?

Опубликовано:

35 жыл бойына адам аяғы аттап басқан аралдың таңғажайып суреттері пайда болды деп хабарлайды Fishki.net порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Гункандзима (Крейсер) - Жапониядағы Хасима аралының лақап атауы. Пішіні әскери кемеге ұқсағандықтан адамдар оны солай атап кеткен.

Бұл жерге 1810 жылы көмір өндіретін орындар мен тау-кен компаниялары салына бастайды.

ХХ ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап әскери зауыттар ашылған. Сонымен қатар көпқабатты үйлер, мектеп, аурухана және инфрақұрылымның басқа да нысандары салынып, аралдың ішінде жаңа өмір пайда болады.

Кеніштер 500-600 метрге дейін жер астына орналастырылып, 50 жылдың ішінде аталмыш арал әлемдегі ең тығыз қоныстанған жерге айналды - 1 шаршы метрге 5259  адамнан келген.

Бірақ, 1974 жылы көмір орнына мұнай келіп, кен орындары жабылып қалады. Ал, тұрғындар болса ол аралдан мәңгілікке көшіп кетеді.

Қараусыз қалған ғимараттар біртіндеп құлай бастаған.

2009 жылы туристердің кемесі аралдың жағалауына жүзіп жеткенге дейін ол жерге баруға ресми түрде тыйым салынған болатын.

Тур қатысушыларына аралдың ішіне кіруге рұқсат етілмеді, өйткені тап сол жерде қиыршық тастар мен күйреген ғимараттарды зерттеумен әуестенетіндер үшін бар қызық жасырынған еді.

Майкл Гакуран есімді фотограф бірнеше жылдар бойы адам баласы келмеген аралдың таңғажайып суреттерінен бірқатар түсірілімдер сериясын жасап шыққан.

 

Тағы оқыңыздар:

Шымкентте екі қабатты үйдегі жарылыстан зардап шеккен әр отбасыға 230 мың теңгеден берілетін болды (фото)

Павлодар орталығында атыс болып, 1 адам жараланды (фото, видео)

ОҚО-да аудан әкімі форумға келген жастарға кілем сыйға тартамын деп жұрттың күлкісіне қалды (фото)

Афиныда ресейлік дипломат өлі күйінде табылды

Атырауда қаңғыбас иттер талап тастаған бала клиникалық өлімді бастан кешірген

Әулеттің туын ұстап, енесінің алдында ант қабылдаған келін желінің жұлдызы болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1370946-adamdardynh-attap-basuyna-tyyym-salyn/

pixel