Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

WhatsApp арқылы қалай тоқал табуға болады?

Опубликовано:

Сауд Арабиясының бірнеше азаматы WhatsApp желісі арқылы елдегі ер-азаматтарға тоқал таңдауға болатын тәсіл ойлап тауып отыр деп хабарлайды Muslim.kz.

Желі ішінде «Көп әйел алу» деген топ ашқан олар енді елдегі ер адамдарға екінші, үшінші және төртінші жұбай іздеп әуреге түсудің қажеті жоқтығын айтады.

Аталмыш топтағы іздеу жүйесі тегін қызмет көрсетеді. Қазіргі кездің өзінде топқа 1000-нан астам әйел тіркелген көрінеді. Олардың басым көпшілігі алғашқы жұбайымен дәм-тұзы жараспай ажырасқандар немесе жесір қалғандар.

Сондай-ақ, оң жақта отырып қалған кәрі қыздар да өзіне ұнаған ер-азаматтың екінші жұбайы болудан кетары емес көрінеді.

Сондай-ақ, олардың көбісі Пәкістан, Бангладеш, Сирия, Нигерия, Марокко, Иемен, Палестина елдерінен келген қыз-келіншектері екені айтылады. Аталмыш топқа тіркелген олар жалғыздықпен өмір сүргенше, лайықты азаматтың екінші жары болып ғұмыр кешуді артық санайтынын жеткізген.

Тағы да оқыңыздар

Баян Есентаева көңіл қосуы мүмкін деген азамат туралы не білеміз?

Ақтөбеде түнде болған атыс кезінде бір адам қайтыс болды

Қамауға алынған Қуандық Бишімбаев тұтқындалды

Қазақстанның сыртқы қарызы ұлғайып бара жатыр

Қазақ жігіті басты рөлді сомдаған фильм Қытайда рекорд орнатты

Тексерістен бас тартқан алматылықтарды енді метроға кіргізбейді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1374807-whatsapp-arqyly-qalay-toqal-tabugha-bolady/

pixel