Әлемдегі ең суық қала тұрғындарының жантүршігерлік өмірі
Опубликовано:
Әлемдегі ең суық қаланың қай қала екенін білесіз бе? NUR.KZ порталы қала көшелеріне саяхат жасауды ұсынады.
«Түнгі күндіз - күндізгі түн" - бұл Елена Чернышова есімді фотографтың арнайы жобасы. Ол әлемдегі ең суық қаланың тұрғындары қалай өмір сүретінін бақылап көрген.
Норильск – әлемдегің ең суық қала. Онда 150 мың адам тұрады.
Өңірдегі орташа температура - 10°C, ал қыста ауа температурасы -55°C дейін төмендейді.
Бір сөзбен айтқанда олар плюс температураның не екенін қысы-жазы білмейді.
Жылына екі рет болатын поляр түні екі айға созылады.
Норильскіде палладийдің әлем бойынша шамамен жартысы шығарылады. Сондықтан ол әлемнің ең лас жеті қаласының тізіміне кіреді.
Бұл үйдің подъезіндегі құбыр жарылып кеткен. Ал ондағы судың қатуынан ғимарат "мұз үңгіріне" айналған.
Қаладағы 30 мың гектар жер күйіп кеткен. Экология салдарынан ол жерде ешнәрсе өспейді.
Қаладағы үйлер бір-біріне өте тығыз орналасқан.
Осылайша үйлер үздіксіз соғып тұратын желдің салдарынан құлап қалудан қорғалады.
Қыста қала ішінде жүріп-тұру мүлдем қиындап кетеді. Адам төзгісіз суықтан зардап шеккендердің саны толассыз көп.
Автобустар қала ішінде бірінің артынан бірі жүруге тырысады. Бір автобус бұзылса, олар келесісіне отырады.
Қыстағы орташа температура -30°C, ал қарлы борандар жылына 130 күн бойы тынымсыз соғады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1381519-alemdegi-enh-suyq-qala-turghyndarynynh-zh/