Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық арна махаббат дастанына толы "Ақ пен қара" телехикаясын ұсынады

Опубликовано:

6- шы ақпан күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы филиппиндік «Ақ пен қара» атты жаңа телехикаясын ұсынбақ.

«Ақ пен қара» телехикаясының желісі Сара мен Кара деген егіз қыздардың өмірі жайында өрбиді. Егіздердің анасы Лора, кезінде шешесі ауыр халде жатқанда, ақша тапшылығына байланысты Антонио деген бай еркекпен жақын қарым-қатынасқа түсуге мәжбүр болады. Бір күні Лора өзінің жүкті болып қалғанын біледі, оған қоса Антонионың отбасылы екені анықталады. Сөйтіп жүргенде өзінің бұрынғы танысы, Ишмаэль деген жігітке күйеуге тиюге бел буады. Ойда-жоқта егіздің бірі Кара лейкемияға шалдығады. Анасының оны емдеуге қаражаты болмағандықтан, туған әкесі Антониоға беруді шешеді. Уақыт өте келе, егіздер қайта жолығады. Бірі байдың, бірі кедейдің қызы болып өскен бойжеткендердің өмірге, бір-біріне деген көзқарасы қандай болмақ?! Оларды қандай қиындықтар мен тосын сый күтіп тұр?

«Ақ пен қара» телехикаясын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан өткізіп алмаңыздар!

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1393306-ulttyq-arna-makhabbat-dastanyna-toly/

pixel