Атақты Кока Кола сусынымен қуаттанатын телефон пайда болды (фото)
Опубликовано:
Дэйзи Дженг есімді дизайнер "Nokia" компаниясы үшін тың дүние ойлап шығарды. Оның жасаған ерекше ұялы телефоны америкалық танымал Кока Кола сусынымен қуаттанады деп жазады Массагет порталы.
Естіген құлаққа күлкілі болуы мүмкін, алайда, коладан бөлінетін көмірқышқыл газы мен қант қосындысы тың дүниенің жақсы жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Телефонға құрамында қанты бар барлық суларды пайдалануға болады.
Дэйзидің айтуынша, аталған байланыс құралы телефонға қуат беріп қана қоймай, суды тазалап оттегі бөледі екен. Био батарея энергия алудың табиғи жолы болғандықтан ғалымдардың назары ерекше ауып отыр.
Болашақта мұндай өнім қолданысқа енер болса, Кока Кола компаниясының тауар сату көреткіші бірнеше есе артуы мүмкін.
Тағы оқыңыздар:
Тасмағамбетов елбасы жолдауының орындалуын тікелей қадағалайтын болады
ОҚО-ның бас дәрігері ешкімге айтпай аурухананы тексеріп, ақ халаттыларды аяғынан тік тұрғызды
Ақшаға малынған жас жігіт Алматы көшелерін кезіп жүр (фото)
Ызаға булыққан қостанайлық әйел полицейдің бетін тырнап алды
Өзбекстанда дүниеге келген үшемге Ислам Каримовтің атын берді (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1394413-koka-kolamen-quattandyrylatyn-telef/