Павлодарда "Алла" деген жазуы бар жұмыртқа табылды (фото)

Опубликовано:

Павлодар қаласының тұрғыны Бекболат Пішенбаев орыс көршісінен сатып алған жұмыртқаның қабығында «Алла» деген жазуды байқаған деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Мәшһүр Жүсіп мешітінің баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлының айтуынша, ерекше жағдайға тап болған Бекболат Пішенбаев бірден мешітке келген.

"Имамдар жұмыртқаның сыртында «Алла» деген жазудың араб тілінде жазылғанын растады. Бұл біз үшін алғашқы жағдай емес. Былтырғы жылы Қызылжар ауылында араб тілінде Раббымыздың есімі жазылған қозы да туған", - дейді ол.

61 жастағы Бекболат Пішенбаев 30 жұмыртқаның ішінен ерекше жазуы бар біреуін көзі шалып қалған.

"Көршімнің тауықтары бар еді. Жұмыртқаны сол кісіден алып тұрамыз. «Алла» деген жазуды біреуінен байқадым да мешітке бардым. Қазір ерекше жұмыртқаны үйдегі тоңазытқышымда сақтап жүрмін", - дейді қала тұрғыны.

Мәшһүр Жүсіп мешітінің найб имамы Данияр Байдуллаев болса, бұл Жаратушымыздың үнемі бізбен бірге екендігінің тағы бір дәлелі екенін айтып, белгіні жақсылыққа жориды.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің саны қысқартылатын болды

Қайрат Қожамжаров: Жемқорлықты жоюды әркім өзінен бастау керек

Қазақтың күйін сүйсіне тыңдаған Джеки Чан жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Универсиаданың соңғы күнінде Қазақстан тағы бір медаль иеленді

Ел басқарудан босаған Барак Обама қалай демалып жүр?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1402755-pavlodarlyq-turghynnynh-satyp-alghan-zhu/