Адамдардың ішіне жын кіріп кеткенін қалай анықтауға болады?

Опубликовано:

Жындар – ойдан шығарылған қиял емес. Адам сияқты оларға да құлшылық парыз етілген жаратылыс. Жындар да ішінара жақсы және жаманға бөлінеді. Жынның адамға тиетін жолы да көп деп жазады ihsan.kz.

Құран Кәрімде: «Ақиқатында, оның (шайтанның) билігі оны өзіне дос, қамқоршы тұтатындарға және онымен серік қосатындарға ғана жүреді» дегендей жын өзін мазалаған адамға жамандық етеді. Мәселен, кірдің суын немесе ыстық суды есік алдына немесе көшеге төге салу, айдалада ұйықтап қалу, күл-қоқысты басу, елсіз жерде түнделетіп жүру, малдың сүйегін тебу, үнемі күнә жасап жүру және сиқырланып қалу сияқты себептермен жын тиюі мүмкін.

Қазақтың «күл баспа», «кірдің суын жолға төкпе», «түнде жүргенде «бисмилла» айтып жүр», «шошынып қалсаң «бисмилла» де» деген сияқты сөздер айтуының сыры да осында жатыр. Жынның адамға тиетін жолы көп. Оның арнайы белгілері де жоқ. Әр қилы және түрлі себептер болуы ықтимал.

Бірақ, тәжірибе көрсеткендей көбінесе төмендегідей белгілерінен байқалады:

1. Ешбір себепсіз үнемі бас ауру;

2. Аяқ-қолдың ұйығанын сезіну;

3. Алла Тағаланы зікір еткенде, Құран оқығанда іштей қарсылық сезіну;

4. Құранды тыңдағанда бас ауруын сезіну немесе дене-мүше еріксіз қимылдай бастауы;

5. Жынның науқас тілімен сөйлей бастауы;

6. Беймаза түстер көру және ұйқыда бейне бір құлап бара жатқандай сезіну.

Жын адамға зиян тигізуі мүмкін. Есірген жындар тіпті, адамдарды ақылдан адастырады. Жындар көбінесе, лас және таза емес орындарда, айдала мен шөл далада жүреді. Күн батқанда жер бетіне тарала бастайды. Алла Тағала қалауымен, олардан қорғану үшін пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үйреткен таңғы және кешкі сүннет дұғаларды оқып жүру қажет.

Тағы оқыңыздар:

Демалыс күндері ауа райы күрт суытад

Қазақтың жас футболшысы "Зенитке" шақырту алды

Қазақстанға BMW-ның жаңа моделі әкелінді (фото)

Мұсылмандар мен христиандардың саны қашан теңесетіні белгілі болды

Белгілі блогер "анаконда" абысындардан қорғанудың жолын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1405755-adamdardynh-ishine-zhyn-kirip-ketkenin-q/

jitsu gif