"ОҢ ТВ" телеарнасы 1 наурыздан бастап жаңа форматта шығады
Опубликовано:
Алматыда "ТАҢ" телерадиокомпаниясы «ОҢ ТВ» (ON TV) телеарнасының 1 наурыздан бастап жаңа форматта шығатынын хабарлайды.
«ON TV телеарнасының спорттық және өзге де бағдарламаларға қатысты саясаты өзгерді. Біз енді жаңа бағдарламалар мен ток-шоулар, көркем және деректі фильмдер мен анимациялық өнімдерді ұсынамыз. Елге танымал тұлғалар біздің эфирде. Арнамыз бұрынғыдай спорттық хабарлар мен сериалдарға ғана көңіл бөлмей, отбасымен бірге отырып көретін және әйелдерге арналған туындыларға баса назар аудармақ. Бұл қадам телеарнаның жарнама саясаты мен диджитал-стратегиясына да біршама өзгерістер енгізбек», - дейді телеарнаның Бас директоры Аида Татаева.
1 наурыздан бастап телеарна жаңа форматта жұмысын бастайды. Эфирде ойын-сауықтық ток-шоулар мен ең үздік көркем және деректі фильмдерді, отандық және шетелдік сериалдарды үздіксіз көрсетіп, алдағы уақытта соларға басымдық бермек. «Қазақстандық телеарнада бірінші» ұстанымына сай, түрлі жаңа бағыттағы тың әрі заманауи туындыларды, жаңа өнімдерді ұсынатын болады.
Телеарнаның жаңа концепциясына байланысты «ОҢ ТВ» (ON TV) футбол жанкүйерлерінің қызығушылығы мен көрермен ретіндегі құқықтары да ескерілді. Қазіргі уақытта республикалық телеарналардың бірімен келіссөз жүргізу аяқталып, УЕФА Чемпиондар Лигасы, УЕФА Еуропа Лигасы және УЕФА Суперкубогын эфирден тарату құқығын беру процесі іске асып жатыр.
Телеарна таралу аумағын кеңейту жұмыстарын жалғастырады. Атап айтсақ, ON TV сандық телеарна эфирінде екінші мультиплекс жүйесіне енді. Аймақтардағы эфирлік және кабельдік операторлармен тығыз қарым-қатынас жасап, байланыс орнатты. Жақында Астана тұрғындары «ОҢ ТВ» (ON TV) телеарнасын көру мүмкіндігіне ие болады. Одан кейінгі жоспарда Қарағанды тұр. Яғни, бұл дегеніміз дамудың жаңа жолы арқылы болашақта «ОҢ ТВ» (ON TV) аудиториясы кеңейіп, еліміздің барлық аймағында көрермендер саны арта түседі деген сөз.
*PR құқында
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1422262-onh-tv-telearnasy-1-nauryzdan-bastap-zha/