Бар жан-тәнімен әндеткен екі балақай жұрттың жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде жұпыны киінген екі балақайдың жан-тәнімен ән айтып тұрған видеосы пайда болды.

Желі қолданушылары олардың қай тілде ән айтқанын түсіне алмауда. Бірі бұл балалар Моңғолияда тұрады десе, енді бірі Қытайда тұрады деп топшылаған.

"Оларға денсаулық пен бақыт тілеймін", "Дауыстары тәтті екен", - деп жазған желі қолданушылары.

Кей пікір қалдырушылар кішкентайлардың жұпыны киінгеніне қарап, әнді нәпақасын табу үшін айтуда деген болжам жасады.

"Киімінен-ақ тіршілік ету үшін, тамағын тауып жеу үшін ән айтып жатқаны байқалып тұр", "Балапандар, осылай қосдауысты əндеріңмен өмірдің қиындықтарын жеңе беріңдер", - деп жазған өзге қолданушылар.

Тағы оқыңыздар:

Бозымбаев қымбат бензинді қанағат тұтуға кеңес берді

Еліміздегі ең ірі екі банк ақыры бірігетін болды

Ұлттық орталық Баян Есентаева жайлы сұрақтың неліктен тестілеуге енгізілгенін түсіндірді

Бурабайда асқа келген адамдар жылқы етінен уланып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1427270-bar-zhan-tanimen-andetken-eki-balaqay-zh/