Бұлт арасында пайда болған адам бейнесі тұрғындардың зәре-құтын қашырды (фото, видео)
Опубликовано:
Замбиядағы Китве қаласында оқыс жағдай орын алды. Дәл супермаркеттің үстінде бұлт арасынан пайда болған алып адамның бейнесі жұрттың зәре-құтын қашырған. Бұл туралы NUR.KZ порталы strangesounds.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұзындығы кемінде 100 метрді құрайтын алып гуманоидтық бейне екінші наурыз күні байқалып, шамамен жарты сағаттай көрініп тұрған. Замбияның жергілікті тұрғындары мұны Жаратушының ескертпесі деп біліп, қорыққаннан қаша жөнеліпті. Кейбірінің бұл жайтты фотоға түсіріп алуға батылы жеткен.
"Біз бұл бейнені көргенде шошып қалдық. Ол отыз минут бойы аспаннан бізге қарап тұрғандай болды. Кейбірі оған табынып, тізерлей кетсе, енді бірі қаша бастады", - дейді куәгерлердің бірі.
Дегенмен желі қолданушыларының дені бұл жайтқа сенбестік білдіруде. Олар отыз минут бойы тұрған бұл бейнені неге екі адам ғана фотоға түсірген деген сауал тастады.
Видео: Bigbang news
Тағы оқыңыздар:
Қазақстан Ресей телеарналарынан бас тартып жатыр
Еліміздің кейбір аймақтарында тұман болып, жел тұрады
Отандық эстраданың тағы бір әншісі тұрмысқа шықты (фото, видео)
Ішкі істер органдарында қызмет ететін ең сұлу арудың арманы қандай? (фото)
Алматылық полицейлер бағдаршамның қызыл түсін пысқырмай өте шықты (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1429544-bult-arasynda-payda-bolghan-adamnynh/