Денесі қалдан көрінбейтін қыз өзін мазақ қылғандарға ерегісіп модель болды

Опубликовано:

Кішкентайынан денесіндегі көп мөлшердегі қалдың кесірінен қатарластарының мазағына айналған испаниялық Альба Пареху ыза болғанда барлығының пікіріне қарсы тұрып модель атанды деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Бойжеткеннің денесінде 500-ден аса мең бар.

"Кішкентай кезімнен-ақ адамдар мені денеме қарап мазақ қылып, кемсітетін. Танымайтындары тіпті "құбыжыққа" қарағандай таңырқап тұрып қалатын", - дейді Альба.

Меңді қызды кішкентай кезінде кейбір адамдар "далматинец" атап, кейбірі баланың денесіне суреттер әдейі салынған деп сенбей жататын болған.

Альба денесіндегі көп мөлшердегі меңнен арылу үшін 5 жасына дейін 30 рет ота жасатқан. Алайда отадан кейін қыздың денесінде жаралар қалып қойған. Бір жыл бұрын денесінің суреттерін ғаламторға салып жібереді. Бір таң қаларлығы, «меңді қыз» 1500 ден аса қоладнушыға ұнаған.

Осылайша ғаламтор желісі арқылы көпшіліктің көзайымына айналған бойжеткен бойындағы кемшіліктерге жеңіл қарап, бір жағынан бұның оң тұстарын да тауып үлгерді. Қатарластарының мазағына ілігіп жүрген бойжеткен бүгінде танымал модельге айналған. Оның суреттері қаланың жер-жерінде ілулі тұр.

Тағы оқыңыздар:

Ақышев: Теңге бағамының өзгеруі уақытша құбылыс

Димаш қатысып жатқан қытайлық тележоба "Хабар" арнасынан көрсетілетін болды

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан 88 миллионға үйін сатпақшы (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1440122-denesin-qal-basyp-ketken-qyz-qiyndyqq/