Тастанды бала 18 жылдан соң туған шешесінің көңілдесіне айналды (фото)
Опубликовано:
Моника Маркес қазіргі көңілдесін небәрі 16 жасында босанып, басқа отбасына тастап кеткен. Ұлын асырауға мүмкіндігі болмаған ана туған ұлымен 18 жылдан кейін қайта қауышқан деп хабарлайды Life.ru -ға сілтеме жасап NUR.KZ.
37 жастағы Моника Марес пен 20 жастағы Калеб Петерсонға 2016 жылы Нью-Мексико штатында инцест айыбы тағылып, түрмеге қамалған. Бір-біріне ғашық анасы мен баласы аталған ақпаратты жоққа шығармай, махаббаттарын мойындаған. Осыған сай олардың әрқайсысы үш жыл түрме жазасын алып, жарты жылға бір-біріне мүлдем жоламаулары тиіс.
Моника мен баласы арасындағы инцест "Фейсбуктегі" парақшаларында белгілі болған, олар бірге түскен суреттерін жариялап, бірге болу үшін бәрін дайын екендерін жазған.
"Ол — менің бүкіл өмірімнің махаббаты және мен оны жоғалтқым келмейді. Менің балаларым оны жақсы көреді. Біздің арамызға: сотта, түрмеде кедергі бола алмайды", - дейдә Моника.
16 жасында босанып тастап кеткен баласымен Моника Рождествода кездескен. Калеб анасын алғаш көргеннен-ақ, онымен бірге тұрғысы келетінін айтқан. Отбасының бір шаңырақ астына жиналғанына қуанған Моника, баласына аналық сезімнен басқа сезімді сезінетінін байқай бастайды.
Өзінің бойынан да мұндай өзгерісті байқаған Калеб сезімін бірінші болып білдірген. Оның айтуынша, ол ешқашан оны анасындай қабылдамаған. Себебі, онымен көзін ашқалы бері бірге тұрып көрмеген.
"Біз жай сөйлесіп тұрдық, мен оның көздерін қарап тұрып, сүйіп алдым. Бұл нағыз сүйіс, нағыз сезім болды".
Кішкентай балалары бауырларын әке деп атаған. Ал, қоғам болса мұндай некеге қарсылықтарын білдіріп, Мониканың үстінен арыз жазып, шабуыл жасап, қоқан-лоқы көрсеткен.
Нәтижесінде ешкімнің сөзіне құлақ аспаған анасы мен баласы мұндай некеге рұқсат беретін басқа қала іздейтіндерін айтқан.
Тағы оқыңыздар:
Алматы облысында екі миллионыншы тұрғын дүниеге келді (фото, видео)
Бердоңғаров шымкенттіктердің атына "кір келтірген" жүргізушіні әшкереледі (видео)
Головкинге тіл тигізген Қуат Хамитті жас балуан жекпе-жекке шақырды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1445409-tastandy-bala-18-zhyldan-sonh-tughan-sheshesi/