Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жер қойнауынан сан түрлі ауруға емі бар су шығатын отандық шипажай туралы не білеміз?

Опубликовано:

Қазақстан - табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке. Жер жәннаты Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таңғалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбат Қарқаралы... Еліміздегі осы іспетті көрікті жерлерді айтып тауыса алмаймыз! Бірақ, осы орталықтарды елеп-ескеріп жатқандар саусақпен санарлық.

Жоңғар Алатауының баурайындағы Жаркент қаласының маңында «Жаркент-Арасан» шипажайы орналасқан. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен демалушылар ағылып келіп жатыр. Барлығының мақсаты «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» болса керек.

Бұл медициналық сауықтыру орталығының ерекшелігі  Радон суында. Жер қойнауынан 37 градус болып шығатын судың адам ағзасына берер пайдасы мол дейді мамандар. Түрлі бөртпелер мен қышыма ауруларға, буын, созылмалы, қан қысымының көтерілуі мен ер азаматтардың бел қуатын балшықпен емдейді.

Бүгінде, жасыратыны жоқ, отандық туризм дамымай келеді. Оның бірден-бір себебі, миллиондаған отандастарымыз шетелге барып демалады.  Шындығын айтқанда ел қазынасына түсетін қаражатты өзге мемлекетке шашамыз. Мысалға, Азия мен Еуропаның белді мемлекеттеріне.

Тағы да оқыңыздар:

Әнуар Нұрпейісов төңірегіндегі дауды жұртшылық қалай қабылдады? (фото)

Алтынай Жорабаева қытай түрмесіндегі Ақжарқын Тұрлыбайды құтқару үшін концерт берді

Шымкентте қатерлі дертке шалдыққан көп балалы ананы кішкентай ұлдары асырап отыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1449568-zher-qoynauynan-san-turli-aurugha-emi-ba/

pixel