Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мың бұрала билеген 86 жастағы әжейдің биі елді сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Үмітжан Ботбаева есімді 86 жастағы талдықорғандық әжейдің биі көпшілікті сүйсіндірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әжейдің би билеп жүрген видеосын Facebook парақшасында Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айдар Қарбозұлы жариялаған.

"Өнерлінің өзегі талмас", - дегендей, 86 жасында би билеп жүрген Үмітжан апа Ботбаеваның өнерін тамашалаңыздар. Алматы облысы ардагерлерінің өнер байқауының гала концертінен бейнекөрініс. Үмітжан апа Жамбыл аудандық ардагерлер ансамблінің бишісі", - деп жазған журналист.

Желі қолданушылары қарт әжейдің қазақы нақышта киініп, сахна төрінде билеп жүрген биіне тамсанып, өздерінің де осы жаста Үмітжан әжей секілді тың жүргісі келетіндерін жазып жатты.

Тағы да оқыңыздар:

Даяшы халал тойға ішімдікті тығып кіргізетіндердің қулығын жайып салды

Жұмысына салғырт қараған күзетші сот залында ер адамның өз әйелін өлтіруге жол берді

Дағыстандық аруға үйленіп, қалың малын алтынмен төлеген шейх әлем назарына ілікті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1450015-86-zhastaghy-azheydinh-qazaqsha-bii-zhurtty-su/