Өткен ғасырдағы жүкті әйелдерге қатысты жантүршігерлік наным-сенімдер (фото)

Опубликовано:

Әр қыз үшін ана атану өте маңызды әрі қуанышты сәт. Сәйкесінше болашақ ана үшін құрсағындағы шарананың қауіпсіздігі, өмірі мен денсаулығы әрқашан бірінші орында. Алайда шетелде баласын аман-есен қалай дүниеге алып келу жолдарын барлық уақытта біле бермеген деп жазады qamshy.kz.

Корсет

Қыпша белді қыздар сәнде болғанда жүкті әйелдердің өзі корсет киетін. Бұл сәбидің денсаулығына оң әсер етеді деген теріс пікір орнаған.

Темекі

Осыдан 100 жыл бұрын темекі болашақ аналарға көмектеседі деген түсінік болған. Ол ас қорыту мен зат алмасу процесін жақсартады деп білген. Тіпті жарнамалық плакаттар сақталған...

Хлороформ

XIX-XX ғасырда жүкті әйелдерге хлороформен тыныс алуға кеңес беретін дәрігерлер болған. Кейінірек оның түсік жасауға алып соғатыны анықталды.

Әдемі киім

Бұрында әйел жүктілік кезінде әдемі киініп жүрсе баласы сұлу болады деген пікір қалыптасқан. Мұндай сенім әйелдердің қымбат әшекей тастармен көмкерілген ауыр көйлектерді киюуіне себеп болған.

Ішімдік

Дәрігерлер жүкті әйелдерге қызыл шарап ішуге кеңес берген. Кейбір әйелдер дәрігердің кеңесін сылтауратып шарапқа сылқыя тойып алған.

Күннен қорғану

XIX ғасырдың соңы жүкті әйелдерге күн ыстық кезде далаға шығуға тыйым салынды. Өте маңызды жағдаймен көшеге шығу керек болған жағдайда, олар бастарына бас киім, қолдарын қолғап киіп шыққан.

Тағы оқыңыздар:

Қытай азаматына тұрмысқа шыққан келіншек Қытай елін "екінші үйім" деп атады (фото)

Канадада ұсталған Қазақстан тумасының ата-анасы оның кінәсіз екенін айтып, жан ұшыруда

Семейде жеті балалы отбасы құлаған үйде күнелтуге мәжбүр (фото, видео)

Қолөнершіге жарнама жасамай қойған Мөлдір Әуелбекованың басы дауға қалды (фото)

Сұлулығымен күллі әлемді тамсандырған президент жарлары

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1450954-otken-ghasyrdaghy-zhukti-ayelderge-qaty/