18 жастағы модель 2,5 млн долларға пәктігін сатып жіберді (фото)
Опубликовано:
18 жасар румындық модель Александра Хефрен аукционда өзінің қыздығын Гонконгтағы бизнесменнің біріне 2 миллион фунт стерлингке (шамамен 2,5 миллиона долларға) сатып жіберді. Бұл туралы NUR.KZ порталы The Sun сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Александраға пәктігін сатып, ақша табуға эскорт-агенттігі көмектескен. Аталмыш мекеме өкілдерінің айтуынша, бұл жағдайдан кейін агенттіктің көмегіне жүгінгендер саны күрт асқан, олардың саны 300-ге жетті.
Сол тізімге кіргендердің қатарынан Австралия, Еуропа, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Азияның араб елдерінен келген қыздарды көруге болады.
Кефреннің өзі болса, сатып алынған түнге арналған отельге де алдын-ала тапсырыс беріліп қойылғанын айтады. Ол "сатып алушымен" тілдесіп үлгерген.
Агенттіктің қызметкерлері бойжеткенді қажетті орынға дейін жеткізіп салатын болады. Оларға жасаған қызметтері үшін келісілген соманың 20 пайызы бөлінеді. Аукционның өткізілуі көптеген пікірталас туғызса да, бойжеткеннің пәктігін сатып алғысы келетіндер көп болған.
«Мен өзімнің қыздығымды "кейін тастап кетуі мүмкін" деген жігітке бергенше, эскорт агенттігі арқылы сатамын деп шештім», – деп түсіндірді Александра.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Шығыс Еуропаның аруы Александра тікелей эфирде өткізілген ток-шоу барысында өзінің қыздығын сатуға арналған аукцион ұйымдастыратынын айтқан еді.
Тағы оқыңыздар:
Тірідей өртенген Құлсары тұрғыны әлі жансақтау бөлімінде жатыр
Әйгілі тұлғалардың төлқұжаты қандай болған? (фото)
Уақытша тұрақ уақытын қысқартқан Астана əуежайына айыппұл салынды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1451043-18-zhastaghy-model-25-mln-dollargha-paktigi/